Желтоқсанның үздік ойыншылары

30 jeltoqsan
1136

Хоккейден Қазақстан жастар чемпионатының төртінші айын қорытындылаймыз.

Үздік қақпашы – Владимир Истомин («Барыс»)

Желтоқсан айында чемпион ойынға шындап оралды және бірнеше қажетті матчтарды жеңді. Истомин алты кездесуде мұзға шығып (350 минуттан астам ойын уақыты), олардың төртеуінде жеңіске жетті және бір нәтижелі пас берді. Бір матчта Владимир өз қақпасына шайба жуытпады. Қақпашы орта есеппен әр ойында 2,18 шайба өткізіп, соққылардың 91,16%-ына тойтарыс берді.

Үздік қорғаушы – Диас Қайрат («Алматы»)

Қайрат желтоқсан айының нағыз жаңалығы атанды, онда қорғаныс ойыншысы алдыңғы үш айдағыдан артық ұпай жинады. Ол сегіз кездесуде +11 пайдалылық көрсеткішімен 11 (3+8) ұпай жинады. Бір шайбаны Диас артық құраммен салды. Сонымен қатар бір ай ішінде спортшы екі-ақ айып минутын алды.

Үздік шабуылшы – Матвей Шелехов («Ястребы»)

Оралдық ұжым жастар чемпионатының үздіктер үштігіндегі орын үшін тартысты жалғастырады. Осы жетістікке себепкерлердің бірі – Матвей Шелехов. 12 матч ішінде форвард 23 (12+11) балл жинап, желтоқсан айының үздік сұрмергені мен бомбардирі атанды. Пайдалылық көрсеткіші – (+12). Оның қоржынында бір хет-трик пен екі дубль бар. Матвей желтоқсан айында мұзайдыннан екі рет қана нәтижелі іс-қимылсыз кетті.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.