Арлан қарымта қайтарды, Құлагер Лигада бірінші орынға шықты

9 qańtar
904

Қазақстан жастар чемпионатының командаларын қызу апта күтіп тұр.

«Астана» бастапқы кезеңді екпіндетіп өткізіп, «Торпедодан» жеңісті жұлып әкетті. Өскемендіктер кездесу соңында ойынға оралып, ойынды овертаймға айналдыруға мүмкіндіктері болды. Әйтсе де, «елордалықтар» өз дегендерінде тұрды. Шешуші голды Әділ Аманжолов салды. Осы жеңісінен кейін қонақтар өз қарсыластарын маусымда жиған ұпай саны бойынша қуып жетті.

«Торпедо» - «Астана» 3:4 (0:3, 1:0, 2:1)

0:1 - 06:32 - Бейсембаев (Папшев)

0:2 - 08:24 - Китаров (Оразов, Бейсембаев) ГБ

0:3 - 11:58 - Бекеев (Бондарев, Аманжолов) ГБ

1:3 - 24:34 - Попов (Тютюньков, Омельковец) ГБ

2:3 - 49:51 - Якубджанов (Рысбеков)

2:4 - 54:35 - Аманжолов (Бондарев, Бекеев)

3:4 - 58:28 - Хан (Рысбеков, Якубджанов) ГБ

Қақпашылар: Осокин - Габдуллин

«Арлан» «Қыраннан» қарымта қайтарды. Матчта үшінші кезең шешуші болып, көкшетаулықтар қажетті есеп алшақтығын орната алды. Жеңіс соққысының авторы – Жасұлан Мәжікенов. Қос ұжым да плей-офф жолындағы жорықта қалды. Сегізінші қатардан төрт балға артта қалып келе жатқан «Қыранның» жағдайы сәл-пәл жақсы.

«Арлан» - «Қыран» 4:2 (2:1, 0:1, 2:0)

1:0 - 01:41 - Елагин (Кабатаев, Бейсембиев) ГБ

1:1 - 10:42 - Рублёв (Симонов)

2:1 - 19:14 - Кабатаев (Ливеринов)

2:2 - 24:55 - Божко (Перцев, Степанов)

3:2 - 42:33 - Мажикенов (Галлямов, Ливеринов)

4:2 - 59:40 - Кабдуали (Тусупбеков, Аипов) ГБ

Қақпашылар: Дударкиев - Селивёрстов

«Горняк» «Барыс-Жаспен» түздегі текетіресте ұпай жинай алмады. Бірінші кезеңде-ақ рудныйлықтардың қақпасына үш жауапсыз шайба аттанды. Әрі қарай қонақтар ойынға оралды, алайда елордалық ұжым жеңісті уыстан шығарып алды. Қарсыласты екі рет Амир Гафуров састырды.

«Барыс-Жас» - «Горняк» 5:3 (3:0, 0:1, 2:2)

1:0 - 04:39 - Демеу (Гафуров, Кажибеков)

2:0 - 07:54 - Гафуров (Кажибеков, Сагымбаев) ГБ

3:0 - 19:27 - Кажибеков (Сагымбаев, Манажанов)

3:1 - 38:40 - Лопухов (Поскин)

4:1 - 40:57 - Алибек (Большедворский) ГМ

4:2 - 48:24 - Кемайкин (Пархоменко) ГМ

4:3 - 58:37 - Слепухин (Петров, Китанин) ГБ

5:3 - 59:37 - Гафуров ПВ

Қақпашылар: Толеубай - Раков

Оңтүстік астанада тағы бір қарымта қайтарылды. Екінші кезеңнің соңында «Алматы» Атыраудағы қарсыластардан бір ұпай артта қалып келе жатты. Алайда алаң иелері есе қайтарып қана қоймай, жеңісті жұлып әкетті. Шешуші соққы Дамир Айдуковтің есебінде.

«Алматы» - «Жас Батыр» 4:2 (1:0, 1:2, 2:0)

1:0 - 04:55 - Игушкин (Выговский)

1:1 - 23:15 - Хальзев (Алдамжаров)

1:2 - 27:47 - Симеониди (Фокин, Баранов)

2:2 - 37:17 - Айткалиев (Завьялов) ГМ

3:2 - 47:20 - Айдуков (Завьялов)

4:2 - 58:47 - Фатыхов (Петров, Марқабаев)

Қақпашылар: Байдек – Ваганян

«Құлагер» Павлодарда сенімді түрде жеңіске жетті. Алаң иелері үшінші кезеңнің басына дейін төтеп берді, алайда ойын соңына қонақтар шаршамай жетті. Матвей Кузьмин мен Даниил Махамадеев өз есебіне екі дөп соққыдан жасады. Осы жетістігінің арқасында петропавлдықтар Лиганың турнир кестесінде бірінші орынға шықты.

«Мұнайшы» - «Құлагер» 2:5 (0:2, 1:1, 1:2)

0:1 - 07:39 - Кузьмин (Ербатыров, Анисимов)

0:2 - 08:04 - Махамадеев (Серик, Пиниди)

1:2 - 29:07 - Воронцов (Гуринович)

1:2 - 33:46 - Чигаев

1:3 - 37:35 - Махамадеев

2:3 - 42:09 - Абенов (Чигаев, Бутенко) ГБ

2:4 - 49:50 - Сергушкин (Махамадеев, Варламов)

2:5 - 53:39 - Кузьмин (Серик) ГМ

Қақпашылар: Костоев - Коваль

«Ақтөбе» екінші жекпе-жекте «Барыстың» қақпасын ала алмады. Елордалық ұжым әрбір кезеңде бір голдан салып, қарсыласпен алшақтықты бір балға дейін қысқартты. Қонақтардың қақпашысы Владимир Никитин қақпаға бағытталған 31 соққыға тойтарыс берді.

«Ақтөбе» - «Барыс» 0:3 (0:1, 0:1, 0:1)

0:1 - 01:07 - Надейкин (Кошевник, Амырканов)

0:2 - 31:40 - Левковец (Гросс, Леута)

0:3 - 59:38 - Канкин (Мигунов, Русланулы)

Қақпашылар: Костюков - Никитин

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.