Сәркенов пен Қажыбековтің хет-триктері Барыс-Жасқа жеңіс сыйлады

12 qańtar
695

Қазақстан жастар чемпионатында екі матч өтті.

Астанада «Барыс-Жас» пен «Жас Батыр» нәтижелі матч өткізді. Бүгін елордалық хоккейшілер дәлірек көздеді: үшінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, жеңіске жетті. Жеңімпаздар құрамынан Кәрім Қажыбеков пен Асанәлі Сәркенов хет-трик жасады. Атыраулықтардан Артём Масленников екі дөп соққы жасады.

«Барыс-Жас» - «Жас Батыр» 7:4 (0:0, 2:2, 5:2)

1:0 - 23:20 - Саркенов

1:1 - 34:07 - Масленников (Трибунский)

1:2 - 37:11 - Жабунин

2:2 - 38:19 - Кажибеков (Демеу)

3:2 - 44:30 - Кажибеков (Демеу, Макаров)

4:2 - 44:38 - Кажибеков (Гафуров, Демеу)

5:2 - 46:21 - Саркенов (Алибек, Оразбаев)

6:2 - 50:06 - Саркенов (Оразбаев, Алибек)

6:3 - 51:08 - Масленников (Фокин)

6:4 - 55:06 - Садыков (Масленников, Фокин) ГБ

7:4 - 58:25 - Трегубов (Мейрман) ПВ

Қақпашылар: Толеубай - Ваганян (Прицкер, 46:21-60:00)

Ал «Арлан» мен «Горняктың» текетіресінде көрермен бір ғана гол көрді. Санжар Түсіпбеков 14-ші минутта есеп ашты. Дәл осы гол «Арланға» минималды жеңіс сыйлады. Көкшетаулықтардың қақпашысы Джохар Дударкиев қақпаға бағытталған 37 соққының барлығына тойтарыс берді.

«Арлан» - «Горняк» 1:0 (1:0, 0:0, 0:0)

1:0 - 13:16 - Тусупбеков

Қақпашылар: Дударкиев - Пахоленко

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.