Ақтөбе бірінші орынға оралды, Ястребы командасының оңтүстік астанадағы құрғақ жеңісі

14 qańtar
588

Қазақстан жастар чемпионатында төрт жекпе-жек өтті.

«Торпедо» тағы да «Құлагердің» арынын басты. Бүгінгі матчтағы бес шайбаның төртеуі артық құраммен салынды. Жеңіс шайбасының авторы – Диас Рысбеков. Өскемендіктер қатарынан үшінші жеңіске қол жеткізіп, плей-офф аймағына бекіді.

«Торпедо» - «Құлагер» 3:2 (2:1, 0:0, 1:1)

0:1 - 02:16 - Анисимов (Кузьмин, Заруцкий) ГБ

1:1 - 06:23 - Хан (Якубджанов, Рысбеков) ГБ

2:1 - 08:39 - Тютюньков (Базанов)

3:1 - 52:55 - Рысбеков (Якубджанов, Базанов) ГБ

3:2 - 57:24 - Анисимов (Харисов) ГБ

Қақпашылар: Осокин - Коваль

«Құлагердің» осалдығын «Ақтөбе» пайдаланып, овертаймда «Қыранды» жеңді. Бұл ретте қонақтар матч бойы қуып жетумен айналысып, шешуші сәттерде чемпионат көшбасшысы дәлірек көздеді. Жеңіс соққысы Михаил Калиниченкоға тиесілі. Батысқазақстандық ұжым жиған балл саны бойынша петропавлдықтармен теңесіп, үздік қосымша көрсеткіштерінің арқасында турнир кестесінің бірінші қатарын иеленді.

«Қыран» - «Ақтөбе» 3:4 ОТ (2:1, 0:1, 1:1, 0:1)

1:0 - 10:11 - Белоус (Совет, Алламов)

2:0 - 14:41 - Денисов (Коротких, Бодиков)

2:1 - 18:03 - Тимофеев (Мозжерин, Поленов)

2:2 - 23:19 - Цихоцкий (Поленов, Костюков)

2:2 - 39:25 - Белоус

3:2 - 50:55 - Белоус (Двуреченский)

3:3 - 52:48 - Коев (Тюлюнов)

3:4 - 60:48 - Калиниченко (Плотников, Зизевских)

Қақпашылар: Дубович - Шарипов (Костюков, 14:58-60:48)

«Ястебы» «Алматыны» тырп еткізбеді. Бұл ретте алаң иелері қарсыластың қақпасын ала алмады. Матвей Шелехов дубль жасады, оралдықтардың қақпашысы Руслан Какенов қақпаға бағытталған 18 соққыға тойтарыс берді.

«Алматы» - «Ястребы» 0:4 (0:2, 0:0, 0:2)

0:1 - 06:34 - Свинтальский (Акпирганов)

0:2 - 18:29 - Шелехов (Чупин, Бастаногов)

0:3 - 57:52 - Терещенко (Буланов, Камиден)

0:4 - 58:57 - Шелехов (Бастаногов, Сауриков) ГБ

Қақпашылар: Колесников - Какенов

«Астана» тағы да ірі есеппен «Мұнайшыны» жеңді. «Елордалықтар» өздерінің статистикасын біршама жақсартты. Хет-трик Филипп Папшевке тиесілі. Қарсыласты екі рет Әділ Бейсембаев састырды.

«Мұнайшы» - «Астана» 2:8 (0:4, 2:1, 0:3)

0:1 - 10:51 - Ерасов

0:2 - 11:49 - Бейсембаев (Папшев)

0:3 - 15:29 - Китаров (Оразов, Бейсембаев)

0:4 - 17:34 - Папшев (Китаров)

1:4 - 32:58 - Мальцев (Гулый, Чигаев)

2:4 - 33:30 - Пидяшов (Семенов)

2:5 - 36:39 - Бейсембаев (Китаров, Оразов)

2:6 - 42:59 - Папшев (Китаров, Оразов) ГБ

2:7 - 53:02 - Бондарев (Бекеев, Аманжолов) ГБ

2:8 - 54:09 - Папшев (Оразов)

Қақпашылар: Костоев (Фриауф, 17:34-22:21, 25:56-60:00) - Габдуллин (Кудимов, 33:30-60:00)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.