Қазақстан жастар чемпионаты көшбасшыларының Астанадағы алғашқы жекпе-жегінде алаң иелері басым болды.
Кездесудің негізгі жайттары соңғы кезеңде орын алды. Қонақтар есеп айырмашылығын минимумға дейін азайтты, алайда «Барыс» тағы екі шайба салды. Жеңіс шайбасының авторы – Егор Смольянинов. Елордалық ұжымның қақпашысы Владимир Истомин қақпаға бағытталған 32 соққыға тойтарыс берді. Осы ойыннан кейін «Ақтөбе» «барыстардан» екі-ақ балға озып тұр.
«Барыс» - «Ақтөбе» 4:1 (0:0, 1:0, 3:1)
1:0 - 24:59 - Корчагин (Левковец)
2:0 - 40:22 - Смольянинов (Канкин, Мигунов)
2:1 - 41:53 - Шайкенов (Тюлюнов)
3:1 - 44:05 - Решетько (Смольянинов)
4:1 - 51:02 - Мигунов (Смольянинов, Большедворский)
Қақпашылар: Истомин - Костюков
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.