Барыс-Жас Мұнайшыны жеңді, Астана мен Ястребы шабуылдың көкесін көрсетті

19 qańtar
516

Хоккейден Қазақстан жастар чемпионатының кезекті матчтары аяқталды.

Турнир кестесінің төменгі бөлігіндегі ұжымдар тартысында «Барыс-Жас» жеңіске жетті. Елордалық команда бірінші кезең бастала салысымен қомақты есеп айырмашылығын орнатып, кездесуді құрғақ жеңіспен аяқтады. Алаң иелерінің үш нәтижелі шабуылына Асанәлі Саркенов атсалысты.

«Барыс-Жас» - «Мұнайшы» 4:0 (3:0, 1:0, 0:0)

1:0 - 00:37 - Саркенов (Оразбаев)

2:0 - 01:25 - Зияш (Кажибеков)

3:0 - 02:57 - Алибек (Саркенов)

4:0 - 33:43 - Шипилин (Алибек, Саркенов)

Қақпашылар: Толеубай - Фриауф

«Астана» мен «Ястребы» екінші текетіресте нағыз тартысты ойын үлгісін көрсетті. Кездесудің ортасына қарай оралдықтар үш шайба артықшылығымен алда келе жатты. Алайда әрі қарай «елордалықтар» сілкініп, қатарынан төрт гол салды. Бұған қарсы қонақтар мінез көрсетті. Нәтижесінде көрермен барлығы 18 голға куә болып, «Ястребы» екі балл иемденді.

«Астана» - «Ястребы» 7:11 (2:4, 3:1, 2:6)

0:1 - 00:20 - Буланов (Шелехов, Акпирганов)

0:2 - 00:56 - Чупин (Свинтальский)

1:2 - 01:30 - Кисель (Жұмабай)

1:3 - 08:56 - Шелехов (Сауриков, Буланов)

2:3 - 11:46 - Папшев (Китаров)

2:4 - 17:14 - Акпирганов (Буланов, Шелехов) ГБ

2:5 - 21:00 - Буланов (Сауриков, Акпирганов) ГБ

3:5 - 33:04 - Бондарев (Шаяхметов) ГБ

4:5 - 34:03 - Китаров (Захаров, Оразов)

5:5 - 38:53 - Аманжолов (Бекеев)

6:5 - 43:38 - Оразов (Кисель, Захаров)

6:6 - 48:03 - Чупин (Свинтальский, Рахимов) ГБ

6:7 - 53:27 - Шелехов

6:8 - 54:12 - Рахимов (Свинтальский, Қамиден) ГБ

6:9 - 56:47 - Рахимов (Свинтальский)

6:10 - 57:53 - Акпирганов (Шелехов)

7:10 - 59:00 - Чумак (Аманжолов, Бекеев)

7:11 - 59:47 - Акпирганов (Шелехов)

Қақпашылар: Кудимов (Габдуллин, 00:56-60:00) - Какенов

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.