Ситниковтің хет-тригі Барысқа Қыранды ойсырата жеңуге көмектесті, Ақтөбе Петропавлда қарымта қайтарды

22 qańtar
630

Қазақстан жастар чемпионатының ойын аптасы Астана мен Петропавлдағы екі кездесумен аяқталады.

«Барыс» пен «Қыранның» екінші жекпе-жегінде қарағандылықтар бір ғана кезеңде белсенді болып, өз қақпасын қорғай алды. Алайда әрі қарай елордалық ұжым қозғалысты күшейтіп, өз сәттерін ұтымды пайдалана бастады. Ақтық ысқырық алаң иелерінің ірі жеңісін тіркеді. Никита Ситников хет-трик жасады. Екі дөп соққы Асанәлі Русланұлының есебінде.

«Барыс» - «Қыран» 8:1 (0:0, 4:1, 4:0)

0:1 - 21:00 - Белоус (Денисов, Степанов)

1:1 - 26:02 - Шимин (Левковец) ГБ

2:1 - 28:19 - Ситников (Манаш, Мигунов)

3:1 - 33:41 - Ситников (Симонов, Жусупбеков)

4:1 - 37:33 - Русланулы (Ляпунов, Жусупбеков)

5:1 - 44:55 - Русланулы (Симонов, Ляпунов) ГБ

6:1 - 47:31 - Амырканов (Диде, Леута)

7:1 - 48:16 - Ляпунов (Симонов, Русланулы)

8:1 - 53:08 - Ситников

Қақпашылар: Никитин - Селивёрстов

«Ақтөбе» Петропавлда сенімді түрде қарымта қайтарды. Бүгін «Құлагер» ойыншылары қақпаға бағытталған 35 соққының барлығына тойтарыс берген Илья Костяковтың қақпасын ала алмады. Максим Мозжерин дубль жасады.

Ел солтүстігіндегі текетірестен кейін «Құлагер» мен «Ақтөбе» бірінші орынға «Барысты» өткізді.

«Құлагер» - «Ақтөбе» 0:4 (0:0, 0:3, 0:1)

0:1 - 28:35 - Коев

0:2 - 37:50 - Шайкенов (Ущев)

0:3 - 39:57 - Мозжерин (Пономарёв) ГБ

0:4 - 59:11 - Мозжерин ГМ

Қақпашылар: Осипов (Елхимов, 40:00-60:00) - Костюков

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.