Ястребы Арланнан жеңісті жұлып әкетті, Жас Батыр Мұнайшыны ойсырата жеңді

27 qańtar
860

Жұмыс аптасының соңында Қазақстан жастар чемпионаты аясында екі матч өтеді.

«Ястребы» мен «Арлан» Оралдағы бірінші текетіресте нағыз атыс ұйымдастырды. Шешуші шайбаның жергілікті қауымның қуанышына орай, финалдық ысқырыққа 28 секунд қалғанда салынды. Шешуші соққының авторы – Максим Чупин. Оралдықтар үздіктер үштігін өкшелеп қуып келеді, ал көкшетаулықтар плей-оффқа шықпай қалуы мүмкін – сегіздіктен сегіз ұпай артта қалып келеді.

«Ястребы» - «Арлан» 5:4 (1:2, 1:0, 3:2)

0:1 - 03:36 - Аипов (Бейсембиев) ГБ

0:2 - 11:25 - Кабдуали ГМ

1:2 - 16:50 - Акпирганов (Бастаногов, Буланов)

2:2 - 38:07 - Бастаногов (Акпирганов, Шелехов) ГБ

3:2 - 47:07 - Акпирганов (Смелов)

4:2 - 51:44 - Шелехов (Акпирганов, Камиден) ГБ

4:3 - 53:50 - Бейсембиев (Галлямов)

4:4 - 57:50 - Тусупбеков (Кощеев, Артемьев)

5:4 - 59:32 - Чупин

Қақпашылар: Какенов - Дударкиев

«Мұнайшы» ойыншылары Арман Прицкердің қақпасына жол таба алмады. Ал атыраулықтардың алаң ойыншылары жайлы есеп айырмашылығын орнатып, ойын соңында қарсыласты тығырыққа тіреді. Валерий Хальзев дубль жасады.

«Жас Батыр» - «Мұнайшы» 5:0 (2:0, 0:0, 3:0)

1:0 - 08:55 - Харченко (Жабунин, Трибунский) ГБ

2:0 - 11:05 - Баранов (Харченко)

3:0 - 57:02 - Хальзев (Бойцов, Жабунин)

4:0 - 59:07 - Медведков (Жабунин)

5:0 - 59:47 - Хальзев (Симеониди, Телгожаев)

Қақпашылар: Прицкер- Фриауф 

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.