Хоккейден Қазақстан жастар чемпионатында үш кездесу өтті.
«Горняк» «Қыранмен» жекпе-жекте ұпай жинай алмады. Теміртаудағы екінші кездесу алаң иелерінің сенімді жеңісімен аяқталды. Қарсыласты екі рет Виталий Божко састырды. Никита Селивёрстов қақпаға бағытталған 21 соққыға тойтарыс берді. «Қыран» екі жеңісінің арқасында сегізінші орында келе жатқан «Алматымен» ұпай теңестірді.
«Қыран» - «Горняк» 6:1 (3:0, 2:1, 1:0)
1:0 - 04:01 - Божко
2:0 - 12:31 - Алламов
3:0 - 15:11 - Степанов (Совет, Божко) ГБ
3:1 - 29:29 - Петров (Китанин, Пархоменко) ГБ
4:1 - 30:00 - Забурдяев (Бодиков)
5:1 - 31:36 - Божко (Еськов, Степанов)
6:1 - 57:57 - Соколов (Еськов, Мирошниченко)
Қақпашылар: Селивёрстов - Раков
«Құлагер» тағы да «Алматыдан» басым түсті. Данила Пинидидің есебінде екі нәтижелі соққы мен екі пас беру. Петропавлдықтар тұрақты чемпионаттағы жеңіс үшін күресті жалғастыруда, ал оңтүстікастаналық ұжым сегізінші орын үшін жорыққа «Қыранды» өзіне жақындатып алды.
«Құлагер» - «Алматы» 5:2 (1:0, 1:1, 3:1)
1:0 - 03:28 - Пиниди (Махамадеев, Букарь)
1:1 - 34:21 - Чернышов (Выговский, Зяблов)
2:1 - 38:29 - Анисимов (Ербатыров, Пиниди) ГМ
2:2 - 46:07 - Айдуков (Игушкин)
3:2 - 58:46 - Ербатыров (Пиниди, Харисов)
4:2 - 59:47 - Пиниди (Махамадеев, Варламов) ПВ
5:2 - 59:53 - Свириденко (Букарь, Заруцкий)
Қақпашылар: Осипов - Рудковский
«Барыс» «Торпедодан» қарымта қайтарды. Бұл ретте қонақтар әрбір кезеңде бір голдан салды. Алайда елордалық хоккейшілер дәлірек көздеді. Кирилл Ляпунов пен Никита Ситников бір-бір дубльден жасады. Сергей Старыгиннің ойыншылары чемпионат көшінің басынан төмен түскен жоқ. Өскемендіктер өздерін плей-офф аймағында жайлы сезінуде.
«Барыс» - «Торпедо» 5:3 (0:1, 3:1, 2:1)
0:1 - 12:13 - Якубджанов (Астраханцев, Хан) ГБ
0:2 - 21:21 - Базанов (Дьяченко, Стальмаков)
1:2 - 28:55 - Ляпунов (Жусупбеков, Симонов)
2:2 - 35:06 - Ситников ГМ
3:2 - 38:13 - Ляпунов (Русланулы)
4:2 - 43:04 - Ситников (Мигунов)
5:2 - 58:16 - Канкин (Никитин) ПВ
5:3 - 58:52 - Базанов ГБ
Қақпашылар: Никитин - Осокин
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.