Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің жалпыз матчы Астанада өтті.
«Ақтөбе» «Барыс-Жастың» арынын басты. Бір қызығы, ойынның тағдыры соңғы минуттарда шешілді. Алаң иелері Абзал Әлібектің дублінен кейін жеңіске жетуге жақын болды. Алайда соңғы кезеңнің соңындағы Ерасыл Шайкенов пен Михаил Калиниченконың дөп соққылары қонақтарға екі балдан әкелді. «Ақтөбе» бірінші орын үшін жорықтан шыққан жоқ.
«Барыс-Жас» - «Ақтөбе» 3:4 (0:2, 3:0, 0:2)
0:1 - 03:15 - Цихоцкий (Зизевских, Калиниченко)
0:2 - 16:37 - Коев (Тюлюнов)
1:2 - 20:36 - Саркенов (Алибек, Шипилин) ГБ
2:2 - 23:38 - Алибек (Саркенов, Сагымбаев)
3:2 - 27:45 - Алибек (Кайсар, Саркенов)
3:3 - 56:25 - Шайкенов (Эрфурт, Поленов) ГМ
3:4 - 57:01 - Калиниченко (Поленов, Цихоцкий)
Қақпашылар: Толеубай - Костюков
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.