Ақтөбенің елордадағы екінші жеңісі

31 qańtar
631

Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің жалғыз матчында «Ақтөбе» тағы да «Барыс-Жастан» басым түсті.

Бір қызығы, кездесу дәл кешегідей есеппен аяқталды. Лиганың ең жас ұжымы ұпай жинауға жақын болды, алайда «Ақтөбе» есеп айырмашылығын сақтап қала білді. Нәтижелілік үшін 3 (1+2) балды Игорь Пономарёв алды, Абай Шәріпов қақпаға бағытталған 31 соққыға тойтарыс берді. Қонақтар тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша көшбасшылық үшін жорықты жалғастыруда.

«Барыс-Жас» - «Ақтөбе» 3:4 (1:2, 0:0, 2:2)

0:1 - 01:55 - Тюлюнов (Пономарёв, Плотников)

0:2 - 15:10 - Мозжерин (Эрфурт, Пономарёв)

1:2 - 17:08 - Алибек (Сагымбаев, Шипилин)

2:2 - 40:11 - Демеу (Шипилин, Бикситов) ГБ

2:3 - 44:10 - Пономарёв (Мозжерин, Шайкенов) ГБ

2:4 - 54:56 - Эрфурт (Цихоцкий) ГБ

3:4 - 55:24 - Кайсар (Зияш)

Қақпашылар: Толеубай - Шарипов

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.