Қыран плей-офф аймағында, Мұнайшы жеңілістер сериясын үзді

6 aqpan
895

Қазақстан жастар чемпионатында апта қызу басталды.

«Ястребы» Рудныйда «Горнякты» сенімді түрде жеңді. Бірінші кезеңде-ақ алаң иелерінің қақпасына үш шайба аттанды. Әрі қарай қонақтардың үстемдігі арта берді. Батырхан Камиден мен Эмиль Кисенов оралдықтардың үш нәтижелі шабуылына қатысты. «Ястребы» үздіктер үштігінің ізінен қуып келе жатыр.

«Горняк» - «Ястребы» 1:7 (0:3, 1:2, 0:2)

0:1 - 04:33 - Быканов (Киселев) ГМ

0:2 - 06:44 - Акпирганов (Буланов) ГБ

0:3 - 12:36 - Кладов (Корягин, Смелов)

0:4 - 27:53 - Шелехов (Акпирганов, Буланов) ГБ

1:4 - 31:12 - Петров (Пархоменко, Китанин)

1:5 - 34:00 - Камиден (Киселев, Чупин) ГБ

1:6 - 47:06 - Васильев (Шелехов, Камиден) ГБ

1:7 - 51:21 - Киселев (Камиден, Васильев)

1:7 - 59:49 – Утепкалиев ШБ

Қақпашылар: Раков - Какенов (Яковенко, 53:10-60:00)

«Қыран» «Алматыны» ойсыратып жеңіп, чемпионаттың турнир кестесіндегі сегізінші орнынан ығыстырды. Қарағандылықтар ереже бұзғаны үшін оңтүстік астаналық ұжымға үш рет артық құраммен гол салды. Алаң иелерінің қақпашысы Никита Селивёрстов соққыға бағытталған 33 соққыға тойтарыс берді.

«Қыран» - «Алматы» 5:0 (3:0, 0:0, 2:0)

1:0 - 01:37 - Симонов (Мирошниченко, Белоус)

2:0 - 06:37 - Еськов (Степанов, Божко)

3:0 - 14:48 - Денисов (Степанов) ГБ

4:0 - 54:48 - Соколов (Алламов, Белоус) ГБ

5:0 - 57:01 - Божко (Совет, Коротких) ГБ

Қақпашылар: Селивёрстов - Рудковский (Колесников, 14:48-60:00)

«Мұнайшы» өз алаңында «Барыст-Жасты» жеңіп, 12 желтоқсаннан бері үзілмей келе жатқан жеңілістер сериясын тоқтатты. Павлодарлықтарға жекпе-жектің 48-минутында артық құраммен гол салған Владислав Труш жеңіс әкелді. Алаң иелерінің қақпашысы Данил Фриауф қақпаға бағытталған 30 соққыға тойтарыс берді.

«Мұнайшы» - «Барыс-Жас» 3:2 (1:0, 1:2, 1:0)

1:0 - 19:01 - Чигаев (Пидяшов)

2:0 - 25:46 - Гулый (Анцельм, Тагамбаев) ГБ

2:1 - 30:21 - Мейрман (Трифонов, Сагымбаев)

2:2 - 38:47 - Трегубов (Гафуров)

3:2 - 47:48 - Труш (Пидяшов, Гулый) ГБ

Қақпашылар: Фриауф - Толеубай

Екі батыстық ұжымның тартысы овертайммен аяқталды. Максим Мозжериннің дөп соққысының арқасында тұрақты чемпионаттағы жеңіс үшін жорықты жалғастырып келе жатқан «Ақтөбе» екі ұпай жинады.

«Ақтөбе» - «Жас Батыр» 3:2 ОТ (1:1, 0:1, 1:0, 1:0)

0:1 - 03:33 - Жабунин

1:1 - 10:41 - Тюлюнов (Плотников, Коев) ГБ

1:2 - 23:37 - Баранов (Харченко, Алдамжаров)

2:2 - 46:05 - Потапов

3:2 - 63:44 - Мозжерин (Плотников)

Қақпашылар: Костюков - Ваганян

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.