Ястребы тағы да Горняктан басым түсті, Ақтөбе Барыстың ізінен қуып келеді

7 aqpan
867

Қазақстан жастар чемпионаты төрт матчпен жалғасады.

«Ястребы» Рудныйдан төрт балмен қайтты. Оралдықтар үшін екпіндеп басталған бірінші кезең табыс әкеліп, кездесудің жеңімпазы кім болатынын айқын етті. Арлан Акпирганов хет-трик жасады. Екі дөп соққы Максим Чупиннің есебінде. Қонақтардың қақпашысы Руслан Какенов қақпаға бағытталған 26 соққыға тойтарыс берді.

«Горняк» - «Ястребы» 1:6 (0:4, 0:1, 1:1)

0:1 - 00:53 - Акпирганов (Сауриков, Шелехов)

0:2 - 01:50 - Чупин (Киселев, Быканов)

0:3 - 06:59 - Акпирганов ШБ

0:4 - 19:18 - Акпирганов (Сауриков, Буланов) ГБ

0:5 - 26:58 - Чупин (Бастаногов, Киселев) ГБ

0:6 - 45:41 - Быканов (Терещенко, Чупин) ГБ

1:6 - 55:09 - Волобуев (Петров, Китанин) ГМ

Қақпашылар: Пахоленко - Какенов

«Барыс-Жас» Павлодарда ұпай жинай алмады. «Мұнайшы» үшінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, жеңіске жетті. Алаң иелері үшін бұл маусымдағы алтыншы жеңіс. Максим Семенов дубль жасады, шешуші гол Никита Мальцевтің есебінде.

«Мұнайшы» - «Барыс-Жас» 4:3 (2:2, 0:1, 2:0)

1:0 - 01:52 - Семенов (Гулый) ГМ

1:1 - 02:38 - Мейрман (Кайсар, Сагымбаев) ГБ

1:2 - 09:25 - Демеу (Зияш)

2:2 - 11:59 - Семенов (Тагамбаев, Гулый)

2:3 - 38:16 - Демеу (Оразбаев)

3:3 - 47:07 - Гулый (Тагамбаев) ГБ

4:3 - 47:35 - Мальцев (Чигаев, Пидяшов) ГБ

Қақпашылар: Фриауф - Лаюров

«Ақтөбе» «Жас Батырдан» екінші батыстық тартысты да жеңіп алды. Андрей Шпак қарсыласты екі рет састырды. «Ақтөбе» қақпашысы Илья Костюков 32 соққыға тойтарыс берді. Алаң иелері маусымдағы 30-матчын жеңіп, көшбасшы «Барыстан» бір ғана балға артта қалып келеді.

«Ақтөбе» - «Жас Батыр» 4:2 (1:1, 3:1, 0:0)

0:1 - 00:43 - Харченко (Трибунский)

1:1 - 18:16 - Шайкенов

2:1 - 27:24 - Шпак (Назарчук)

2:2 - 31:03 - Сапарбек (Пименов)

3:2 - 33:47 - Потапов (Калиниченко)

4:2 - 36:38 - Шпак (Тусупбеков, Назарчук)

Қақпашылар: Костюков - Ваганян

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.