Петропавлда Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің жалғыз матчы өтті.
Екі кезең бойы «Құлагер» «Барысқа» соққыны боратты. Алайда үшінші кезең елордалық ұжымның бақылауына өтті: елордалықтар қарсыласты үш рет састырып, ойынды сенімді жеңіспен аяқтады. Аслан Жүсіпбеков дубль жасады, қонақтардың қақпашысы Владимир Истомин 42 соққыға тойтарыс берді. Осы ойынынан кейін Сергей Старыгиннің ойыншылары петропавлдықтардан алшақтықты үш ұпайға дейін арттырды.
«Құлагер» - «Барыс» 2:6 (0:1, 2:2, 0:3)
0:1 - 04:18 - Большедворский (Канкин)
0:2 - 22:40 - Жусупбеков (Ситников, Ляпунов)
1:2 - 24:25 - Бейсембиев (Кабатаев) ГМ
1:3 - 31:06 - Жусупбеков (Ляпунов, Решетько)
2:3 - 39:49 - Махамадеев (Букарь, Анисимов)
2:4 - 41:26 - Канкин (Муканов, Мигунов)
2:5 - 55:27 - Ляпунов (Ситников, Жусупбеков) ГБ
2:6 - 58:57 - Мигунов (Истомин) ПВ
Қақпашылар: Чепец - Истомин
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.