Астана мен Ястребы командалары қарымта қайтарды

16 aqpan
782

Бейсенбі күні Қазақстан жастар чемпионатында үш кездесу өтті.

«Барыс» «Барыс-Жастағы» клубтастарын тағы да жеңіп, турнир кестесінің бірінші қатарына бекіді. Шешуші соққының авторы – Александр Мигунов. Владимир Никитин қақпаға бағытталған 35 соққыға тойтарыс берді. Оның қарсыласы Артём Шестаков тіпті 40 сейв жасады, алайда бұл командаға ұпай жинауға мүмкіндік бермеді. Сергей Старыгиннің ұжымы биылғы маусымда негізгі уақыттағы 30-шы жеңісіне қол жеткізді.

«Барыс» - «Барыс-Жас» 2:1 (0:1, 1:0, 1:0)

0:1 - 01:39 - Кайсар (Ибрагим, Демеу)

1:1 - 30:37 - Симонов (Ляпунов, Решетько)

2:1 - 47:19 - Мигунов (Ляпунов)

Қақпашылар: Никитин - Шестаков

«Астана» овертаймда «Торпедодан» жеңісті жұлып әкетті. Матч тағдырын Филипп Папшевтің соққысы шешті. «Елордалықтардың» қақпашысы Дармен Габдуллин өз командасына 35 сэйвпен көмектесті.

«Астана» - «Торпедо» 2:1 ОТ (0:0, 0:0, 1:1, 1:0)

1:0 - 43:35 - Емельянов (Кисель, Сагымбаев)

1:1 - 52:10 - Дьяченко (Рифель, Попов) ГБ

2:1 - 61:18 - Папшев (Бейсембаев, Кисель)

Қақпашылар: Габдуллин - Осокин

«Ястребы» «Құлагерден» сенімді түрде қарымта қайтрады. Петропавлдықтар ойын соңына шаршап жетті. Мұны оралдықтар пайдаланып кетті. Қарсыласты екі рет Матвей Шелехов састырды. Тұрақты чемпионаттың аяқталуына екі ойын қалғанда Ильгиз Нуриевтің ойыншылары бірінші орыннан үш балға артта қалды.

«Ястребы» - «Құлагер» 5:2 (0:1, 2:0, 3:1)

0:1 - 03:26 - Харисов

1:1 - 29:41 - Шелехов (Буланов, Сауриков)

2:1 - 35:13 - Акпирганов (Шелехов, Буланов)

2:2 - 45:10 - Махамадеев (Харисов, Пиниди) ГБ

3:2 - 47:46 - Кладов (Тагамбаев)

4:2 - 51:06 - Маркабаев (Васильев, Свинтальский) ГБ

5:2 - 57:53 - Шелехов (Акпирганов, Буланов)

Қақпашылар: Какенов - Чепец

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.