Қазақстан жастар чемпионатының ойын аптасы бес кездесумен аяқталады.
«Астана» «Горнякты» ойсырата жеңді. Егер бірінші кезеңде рудныйлықтар қарсыласқа соққы жасап, есеп бойынша алысқа ұзатпаса, әрі қарай «елордалықтардың» үстемдігі еш күмән туғызбады. Әділ Аманжолов хет-трик жасады, бес нәтижелі шабуылға алаң иелерінің капитаны Әділ Бейсембаев қатысты.
«Астана» - «Горняк» 11:4 (4:3, 3:1, 4:0)
1:0 - 01:23 - Контуганов (Папшев)
1:1 - 03:50 - Китанин (Кемайкин, Петров) ГБ
2:1 - 08:55 - Аманжолов (Бекеев)
2:2 - 11:01 - Кемайкин (Китанин)
2:3 - 18:26 - Китанин (Сертаев, Петров) ГБ
3:3 - 19:32 - Бейсембаев (Контуганов, Папшев)
4:3 - 19:39 - Аманжолов (Бейсембаев)
5:3 - 21:40 - Бейсембаев (Кисель) ГБ
5:4 - 35:43 - Поскин
6:4 - 39:02 - Папшев (Контуганов, Кисель) ГБ
7:4 - 39:22 - Папшев (Бейсембаев, Кисель)
8:4 - 45:46 - Контуганов (Бейсембаев) ГМ
9:4 - 49:25 - Аманжолов (Бекеев)
10:4 - 57:30 - Бондарев (Бекеев)
11:4 - 59:16 - Сагымбаев (Кисель) ГБ
Қақпашылар: Кудимов (Габдуллин, 35:43–60:00) - Пахоленко
«Барыс» түзде «Арланды» жеңді. Хаттамаға сәйкес, қонақтар қарсы қақпаға 72 (!) соққы боратқан. Мұндай екпінге төтеп беру «көкшеліктер» үшін оңай болмады. Бәсекелестің осалдығы мен өз екпінінің арқасында жеңіске жеткен елордалықтар тұрақты чемпионат қорытындысы бойынша бірінші орынды иеленді. Дубльдің авторы – Артём Кошевник.
«Арлан» - «Барыс» 3:7 (1:3, 1:2, 1:2)
0:1 - 02:31 - Манаш (Гросс)
0:2 - 11:13 - Кошевник (Смольянинов)
0:3 - 16:26 - Симонов (Жусупбеков, Решетько)
1:3 - 18:26 - Елагин (Кощеев)
2:3 - 23:58 - Кентаев (Аипов, Кощеев)
2:4 - 30:03 - Корчагин (Канкин, Мигунов)
2:5 - 37:11 - Ляпунов (Симонов, Жусупбеков) ГБ
2:6 - 54:06 - Кошевник
3:6 - 57:42 - Елагин (Кощеев, Аипов) ГМ
3:7 - 59:32 - Гросс
Қақпашылар: Дударкиев - Истомин
«Ястребы» түзде «Барыс-Жасты» сенімді түрде жеңді. Оралдықтар тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша төртінші орынға табан тіреді. Бұл плей-оффтың бірінші раундында өз алаңында ойнауға мүмкіндік береді. Даниил Свинтальский хет-триктің авторы атанды.
«Барыс-Жас» - «Ястребы» 4:9 (2:3, 1:4, 1:2)
0:1 - 07:09 - Маркабаев ГБ
0:2 - 09:22 - Свинтальский (Камиден, Чупин) ГБ
0:3 - 10:36 - Шелехов (Буланов) ГМ
1:3 - 12:04 - Болгов (Макаров, Зияш) ГБ
2:3 - 15:21 - Трегубов (Перкин, Зияш)
2:4 - 25:32 - Буланов (Акпирганов)
2:5 - 30:31 - Свинтальский (Шелехов)
3:5 - 30:46 - Гафуров (Манажанов)
3:6 - 37:37 - Акпирганов
3:7 - 39:39 - Маркабаев (Чупин)
3:8 - 41:29 - Свинтальский
3:9 - 51:01 - Тагамбаев (Мальцев, Пидяшов)
4:9 - 59:45 - Гафуров (Шарапов) ГМ
Қақпашылар: Төлеубай - Какенов (Фриауф, 15:21-60:00)
«Ақтөбе» күтпеген жерден «Алматыға» жол беріп, оңтүстік астаналық ұжымға алдын ала кезеңді үздіктердің сегіздігінде аяқтауға мүмкіндік сыйлады. Матчта үшінші кезең шешуші болды. Жеңіс шайбасының авторы – Максим Петров.
«Алматы» - «Ақтөбе» 4:1 (0:1, 1:0, 3:0)
0:1 - 09:21 - Плотников (Цихоцкий)
1:1 - 34:26 - Бауэр (Айдуков)
2:1 - 44:41 - Петров (Андрусенко)
3:1 - 59:24 - Андрусенко ПВ
4:1 - 59:58 - Айдуков (Бауэр, Петров)
Қақпашылар: Рудковский - Костюков
«Құлагер» «Жас Батырдың» қақпасын аша алмады. Атыраулықтар өз алаңында қорғаныста мығым ойнап, Артём Масленников пен Андрей Медведковтың көмегімен екі сәтін іске асырды. Алаң иелерінің қақпашысы Данил Фанайлов 29 сейв жасады.
«Жас Батыр» - «Құлагер» 2:0 (0:0, 2:0, 0:0)
1:0 - 26:41 - Масленников (Фокин)
2:0 - 36:02 - Медведков
Қақпашылар: Фанайлов - Осипов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.