Нәтижелі Шелехов, ассистент Оразов. Тұрақты чемпионаттың қорытындысы

27 aqpan
877

2022/23 жылғы маусымдағы Parimatch-Jastar Hokei Ligasy тұрақты чемпионатының ойыншыларын қорытындылайық.

Тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша ең нәтижелі ойыншы Матвей Шелехов (89 ұпай, 44+45) болды. Бұл ретте форвард «Ястребы» Лиганың үздік сұрмергендері мен ассистенттері тізімінде бірінші орын алды. Спортшының пайдалылық көрсеткіші (+47) мен жеңіп алынған тастаулар пайызын (58,2%) атап өтпеуге болмайды.

Әрі қарай нәтижелілік көшбасшылары үштігінде «Астананың» екі өкілі Әділ Аманжолов (39+34) пен Әділ Бейсембаев (37+35) орналасады. Маусымдағы 70 балдық межеге жеткен төртінші ойыншы – «Жас Батыр» командасындағы Илья Харченко (34+36).

Қорғаныс ойыншылары арасындағы үздік бомбардирі – Бейбарыс Оразов (57 балл, 13+44). «Астана» қорғаушысы бұл ретте Лиганың екінші ассистенті болып, маусымды елеулі +19 пайдалылық көрсеткішімен аяқтады.

Қақпашылар цехі көшбасшыларының бірі – «ақтөбелік» Илья Костюков. Маусым барысында ол 42 матчтың 28-ін жеңіп, бұл ретте мұзда 2260 минуттан астам уақыт өткізді. Оның есебінде үш құрғақ матч бар, сенімділік коэффициенті 2,3, тойтарылған соққылар пайызы 91,7%.

Владимир Никитин өзін жақсы көрсетті. «Барыстың» голкипері 24 кездесудің 18-інде жеңіске жетіп, әр ойын сайын орта есеппен 2,1 шайба өткізеді, соққылардың 92,1%-ына тойтарыс берді.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.