Бүгін төрт қалада хоккейден Қазақстан жастар чемпионатының ширекфиналдық сериялары басталды.
«Барыс» пен «Алматы» арасындағы серияның алғашқы матчында елордалық ұжым қарсыласты тырп еткізбеді. Бірінші кезеңде-ақ оңтүстікастаналық команданың қақпасына төрт шайба аттанды. Әрі қарай есеп алшақтығы тек өсе берді. Екі дөп соққыдан Роман Ермак пен Даниил Цыбиннің есебіне жазылды. Сергей Старыгиннің ойыншылары серияда үш жеңіспен алға шықты.
«Барыс» - «Алматы» 7:1 (4:0, 2:0, 1:1)
1:0 - 05:48 - Ермак (Цыбин, Царёв)
2:0 - 08:46 - Ермак (Цыбин)
3:0 - 09:11 - Шакшакбаев (Гросс)
4:0 - 18:47 - Цыбин (Царёв)
5:0 - 24:07 - Жусупбеков (Ляпунов, Русланулы)
6:0 - 39:40 - Шипилин (Мигунов)
7:0 - 49:20 - Цыбин (Левковец, Ермак)
7:1 - 50:04 - Кайрат (Зяблов)
Қақпашылар: Никитин - Рудковский (Байдек, 09:11-60:00)
«Барыс» - «Алматы» сериясындағы есеп: 1-0 (7:1)
«Құлагер» мен «Торпедоның» бірінші кездесуі тартысты өтті. Үшінші кезеңнің соңында қонақтар қарсыластың қателігін пйдаланып, Диас Тютюньковтің арқасында алға шығып кетті. Алайда ақтық ысқырыққа 52 секунд қалғанда Даниил Махамадеев петропавлдықтардың 6-ға 5 ойыны барысында тарасы басын теңестірді. Әйтсе де, өскемендіктер өз дегеніне жетті. Алаң иелерінің қақпасына овертаймда қақпаның әдейі ысырылғаны үшін айып соққысы тағайындалды. Және Тютюньков «Торпедоға» сериядағы алғашқы жеңісті әкелді.
«Құлагер» - «Торпедо» 2:3 ОТ1 (0:0, 1:1, 1:1, 0:1)
1:0 - 24:15 - Махамадеев (Харисов)
1:1 - 32:07 - Хан (Астраханцев, Базанов)
1:2 - 55:44 – Тютюньков Д.
2:2 - 59:08 - Махамадеев (Пиниди) ГБ
2:3 - 65:17 – Тютюньков Д. ШБ
Қақпашылар: Осипов - Осокин
«Құлагер» - «Торпедо» сериясындағы есеп: 0-1 (2:3 ОТ1)
«Жас Батыр» өз тарихындағы алғашқы плей-офф ойынында жеңіліске ұшырады. «Ястребы» әрбір кезеңде екі нәтижелі шабуылдан ұйымдастырып, қорғаныста айтарлықтай мығым ойнады. Максим Буланов ширекфиналдық сериялардағы алғашқы хет-триктің авторы атанды. Алаң иелерінің жаңа ойыншысы Артём Шестаков қақпаға бағытталған 26 соққыға тойтарыс берді. Оралдықтар батыстағы тартыс аясында алға шықты.
«Ястребы» - «Жас Батыр» 6:1 (2:1, 2:0, 2:0)
0:1 - 12:35 - Харченко (Трибунский) ГБ
1:1 - 16:32 - Буланов (Шелехов) ГБ
2:1 - 17:45 - Буланов (Шелехов) ГБ
3:1 - 21:08 - Свинтальский
4:1 - 39:59 - Буланов (Шелехов, Пидяшов)
5:1 - 41:20 - Маркабаев (Васильев, Алламов)
6:1 - 55:44 - Куминов (Свинтальский, Киселев) ГБ
Қақпашылар: Шестаков - Фанайлов
«Ястребы» - «Жас Батыр» сериясындағы есеп: 1-0 (6:1)
«Ақтөбе» «Астанамен» алғашқы ойында мінез көрсетті. Кездесу барысында алаң иелері екі шайба артта қалып келе жатқан, алайда әрі қарай Александр Поляковтың ойыншылары есеп теңестіріп қана қоймай, бірінші овертаймда жеңісті жұлып әкетті. Шешуші соққының авторы – Владислав Плотников. «Елордалықтар» құрамынан Филлип Папшев дубль жасады.
«Ақтөбе» - «Астана» 4:3 ОТ1 (1:1, 1:2, 1:0, 1:0)
0:1 - 00:09 - Папшев (Бейсембаев, Саркенов)
1:1 - 04:40 - Утебаев (Пономарёв, Афлитонов) ГБ
1:2 - 27:57 - Папшев (Кисель, Саркенов) ГБ
1:3 - 32:19 - Аманжолов (Бекеев, Бондарев)
2:3 - 32:48 - Цихоцкий (Плотников)
3:3 - 46:48 - Коев (Плотников, Цихоцкий)
4:3 - 75:09 - Плотников (Цихоцкий)
Қақпашылар: Костюков - Габдуллин (Кудимов, 56:36-56:59)
«Ақтөбе» - «Астана» сериясындағы есеп: 1-0 (4:3 ОТ1)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.