Барыс пен Ақтөбе жартылай финалға жолдама алды, Торпедо мен Ястребы өз серияларында көш бастады

9 naýryz
911

Қазақстан жастар чемпионатының ширекфиналдық серияларының матчтары жалғасады.

«Алматы» «Барыспен» текетіресте бір де бір матчты жеңе алмады. Оңтүстік астанадағы бүгінгі кездесудің басты қаһарманы – жеңіс шайбасын салып, дубль жасаған Даниил Цыбин. Елордалық ұжым аз ғана ойын саны ішінде бірінші раундты өтіп, енді өзінің жартылай финал бойынша өз қарсыласын күтеді.

«Алматы» - «Барыс» 1:5 (1:1, 0:1, 0:3)

0:1 - 09:41 - Симонов (Ляпунов, Русланулы)

1:1 - 10:10 - Еськов (Андрусенко, Петров)

1:2 - 35:37 - Цыбин (Ермак, Шапоров)

1:3 - 49:41 - Цыбин (Леута)

1:4 - 55:49 - Мигунов (Ситников, Царёв)

1:5 - 58:52 - Ермак (Лукавенко)

Қақпашылар: Рудковский - Никитин

«Барыс» - «Алматы» сериясындағы есеп: 3-0 (7:1, 6:1, 5:1)

«Торпедо» «Құлагермен» текетіресте алға шықты. Өскемендіктер кездесудің ортасына қарай қарсыласты төрт рет састырып, өз үстемдігін ақтық ысқырыққа дейін сақтап қала алды. Алаң иелеріне Степан Рифель жасаған соққы жеңіс әкелді. Петропавлдықтар жоғары көрсеткіштерге қарамастан, медаль үшін жорық жолынан шығып қала жаздады.

«Торпедо» - «Құлагер» 4:3 (2:1, 2:2, 0:0)

0:1 - 01:58 - Селезнев (Сергушкин) ГБ

1:1 - 06:56 - Астраханцев (Рысбеков, Беляков)

2:1 - 16:22 - Астраханцев (Хан, Якубджанов)

3:1 - 24:50 - Тютюньков Д. (Беляков)

4:1 - 29:03 - Рифель (Индюков, Тютюньков)

4:2 - 32:39 - Варламов ШБ

4:3 - 38:21 - Пиниди (Махамадеев)

Қақпашылар: Осокин - Коваль

«Құлагер» - «Торпедо» сериясындағы есеп: 1-2 (2:3 ОТ1, 3:2 ОТ1, 3:4)

«Астана» «Ақтөбемен» үшінші матчта қарсыластың тегеурініне төтеп бере алмады. Бүгін батысқазақстандық ұжым шабуылдаушылық қабілетін толығымен көрсетті. Ерасыл Шайкенов, Руслан Утебаев пен Владислав Плотников дубль жасады. «Ақтөбе» алтын медальдан үмітті фавориттердің бірі екенін растап, екінші айналымға шықты. «Елордалықтар» аздаған ойын ішінде плей-офф жолындағы жорығын аяқтады.

«Астана» - «Ақтөбе» 3:10 (0:2, 2:5, 1:3)

0:1 - 01:58 - Шайкенов (Утебаев)

0:2 - 14:52 - Шайкенов (Зизевских, Курсакбаев) ГМ

0:3 - 25:50 - Утебаев

0:4 - 29:10 - Афлитонов (Пономарёв, Утебаев) ГБ

1:4 - 31:08 - Кисель

1:5 - 33:09 - Плотников ГМ

1:6 - 35:48 - Эрфурт

2:6 - 36:51 - Папшев (Бейсембаев, Оразов) ГБ

2:7 - 38:51 - Плотников (Афлитонов)

2:8 - 45:52 - Калиниченко (Шайкенов)

3:8 - 49:50 - Бекеев (Бондарев)

3:9 - 54:09 - Утебаев (Шайкенов, Афлитонов) ГБ

3:10 - 55:28 - Поленов (Плотников)

Қақпашылар: Габдуллин (Кудимов, 29:10-40:00) - Костюков

«Ақтөбе» - «Астана» сериясындағы есеп: 3-0 (4:3 ОТ1, 4:3 ОТ1, 10:3)

Батыстық тартыста бүгін жеңіс «Ястребы» командасына бұйырды. Серияның үшінші матчында үшінші кезең шешуші болды. Дмитрий Пидяшов пен Даниил Свинтальский өз командасының екі нәтижелі шабуылына қатысты. Ертең Атырауда төртінші жекпе-жек өтеді және «Жас Батырға» онда жеңілуге мүлдем болмайды.

«Жас Батыр» - «Ястребы» 2:4 (0:1, 1:0, 1:3)

0:1 - 04:56 - Пидяшов

1:1 - 39:32 - Алдамжаров (Харченко) ГБ

1:2 - 40:45 - Шелехов (Буланов, Акпирганов)

2:2 - 43:38 - Хальзев (Сапарбек)

2:3 - 47:00 - Чупин (Свинтальский, Пидяшов)

2:4 - 48:22 - Свинтальский (Куминов)

Қақпашылар: Фанайлов - Шестаков

«Ястребы» - «Жас Батыр» сериясындағы есеп: 2-1 (6:1, 2:5, 4:2)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.