Барыс – Ястребы сериясы алдында

15 naýryz
706

Parimatch-Jastar Hokei Ligasy-ндағы чемпиондық үшін тартысты жалғастыратын жартылай финалдық жұптар мен командаларды талдауды бастаймыз.

«Барыс» (1) – «Ястребы» (4)

Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жек кездесулер: 6:3, 7:5, 1:3, 0:2.

Жекпе-жек матчтардағы үздік бомбардир: Никита Ситников (5 балл, 3+2) – Матвей Шелехов (6 балл, 3+3).

Плей-оффта салынған/өткізілген шайбалар: 18/3 – 17/10.

Плей-оффтағы үздік бомбардир: Даниил Цыбин (6 балл, 4+2) – Матвей Шелехов (7 балл, 4+3).

«Барыс» ¼ финалда үш матчта «Алматыны» сенімді түрде жеңді. «Ястребы» командасына жартылай финалға шығу үшін «Жас Батырдағы» көршілерімен төрт матч ойнау қажет болды.

«Барыс» – қорғаныстағы ойын бойынша биылғы плей-оффтың ең сенімді командасы. Елордалық ұжым үш матчта небәрі үш шайба өткізді.

Тұрақты чемпионаттың үздік бомбардирі Матвей Шелехов кубоктік раундта та нәтижелі ойын көрсетуді жалғастырып келеді. 4 матчта оралдықтардың форварды 7 (3+4) балл жинап, қазіргі таңда плей-оффтың ең нәтижелі ойыншысы болып табылады. Бұл рейтингте екінші орында қоржынында 6 (4+2) ұпайы бар «Барыс» шабуылшысы Даниил Цыбин келе жатыр. Бұл ретте елордалық ұжым ойыншысы плей-оффта екі-ақ кездесу өткізді.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.