Барыс Ястребы командасын ойсырата жеңді, Ақтөбе Құлагердің арынын басты

17 naýryz
606

Астана мен Ақтөбеде Қазақстан жастар чемпионатының жартылай финалдық сериялары басталды.

«Ястребы» серияның алғашқы матчында «Барыстың» қақпасын аша алмады. Елордалық ұжым екпіндетіп ойнап, жартылай финалдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Қарсыласты екі реттен Роман Ермак пен Даниил Цыбин састырды. Алаң иелерінің қақпашысы Владимир Никитиннің есебінде 24 сейв бар.

«Барыс» - «Ястребы» 6:0 (1:0, 2:0, 3:0)

1:0 - 18:09 - Жусупбеков (Сапарбек)

2:0 - 25:15 - Ермак (Шакшакбаев, Шапоров)

3:0 - 39:41 - Цыбин (Ермак) ГБ

4:0 - 42:53 - Ермак (Царёв, Цыбин) ГБ

5:0 - 51:13 - Ситников (Мигунов) ГМ

6:0 - 57:10 - Цыбин ГМ

Қақпашылар: Никитин - Какенов

«Барыс» - «Ястребы» сериясындағы есеп: 1-0 (6:0)

«Құлагер» бастапқы минуттарды тамаша өткізіп, Мирослав Артемьев есеп ашты. Игорь Пономарёв араға он минут салып, есеп теңестірді. Әрі қарай петропавлдықтар белсендірек болды, алайда бүгін қонақтар соққыларды жүзеге асыруда мүлт кетіп жатты. Ал алаң иелері тағы бір гол салып, мұнысы жеңіс сыйлады. Өз есебін сұрмерген Михаил Калиниченко толықтырды. «Ақтөбе» қақпашысы Илья Костюков 36 соққыға тойтарыс берді.

«Ақтөбе» - «Құлагер» 2:1 (1:1, 0:0, 1:0)

0:1 - 04:01 - Артемьев (Селезнев)

1:1 - 15:06 - Пономарёв (Утебаев) ГБ

2:1 - 41:36 - Калиниченко

Қақпашылар: Костюков - Осипов

«Ақтөбе» - «Құлагер» сериясындағы есеп: 1-0 (2:1)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.