Барыс финалға қарай үлкен қадам жасады, Құлагер Ақтөбемен серияда есеп теңестірді

18 naýryz
581

Хоккейден Қазақстан жастар чемпионатының жартылай финалдық сериялары жалғасуда.

«Барыс» үйдегі екінші матчында да «Ястребы» командасынан басым түсті. Үшінші кезеңге дейін оралдықтар ойында болды, алайда әрі қарай алаң иелері тағы екі нәтижелі шабуыл жасап, жеңіске жетті. Қарсыласты екі рет Никита Ляпунов састырды. «Ястребы» командасынан Максим Буланов дубль жасады. Қарсыластар ел батысына елордалық ұжымның жайлы басымдығымен ойысады. Оралдықтарға жартылай финалда енді жеңілуге болмайды.

«Барыс» - «Ястребы» 5:2 (1:1, 2:1, 2:0)

0:1 - 14:45 - Буланов (Камиден, Шелехов)

1:1 - 18:26 - Ляпунов (Русланулы, Симонов)

2:1 - 23:15 - Ляпунов (Русланулы, Жусупбеков)

3:1 - 30:13 - Амырканов (Кошевник, Левковец)

3:2 - 31:58 - Буланов (Акпирганов, Шелехов) ГБ

4:2 - 42:37 - Шакшакбаев (Кошевник) ГМ

5:2 - 51:43 - Шапоров (Ермак, Царёв) ГБ

Қақпашылар: Никитин – Шестаков

«Барыс» - «Ястребы» сериясындағы есеп: 2-0 (6:0, 5:2)

«Ақтөбе» мен «Құлагер» Петропавлға сериядағы тең есеппен бет алады. Бүгін қонақтар өз сәттерін ұтымды іске асырып, сенімді түрде жеңіске жетті. Бұл ретте алаң иелерінің қақпашысы Илья Костюков қақпаға бағытталған 42 соққыға тойтарыс берді. Оның қарсыласы Никита Осиповке жеңіске жету үшін 26 сейв жеткілікті болды. «Құлагер» құрамынан Даниил Варламов дубль жасады, өз командасының үш нәтижелі шабуылына Тамерлан Бейсембиев қатысты.

«Ақтөбе» - «Құлагер» 1:4 (0:1, 1:1, 0:2)

0:1 - 03:17 - Варламов

1:1 - 31:43 - Мозжерин

1:2 - 39:11 - Бейсембиев (Селезнев)

1:3 - 45:29 - Анисимов (Бейсембиев, Ербатыров) ГМ

1:4 - 59:54 - Варламов (Бейсембиев, Харисов) ПВ

Қақпашылар: Костюков – Осипов

«Ақтөбе» - «Құлагер» сериясындағы есеп: 1-1 (2:1, 1:4)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.