Ақтөбе Құлагермен серияда алға шықты

21 naýryz
914

Петропавлда «Ақтөбе» мен «Құлагер» арасындағы жартылай финалдық серияның үшінші матчы өтті.

Кездесудің маңызды сәті екінші үзіліске сәл қалғанда орын алды. Данила Пиниди матч соңына дейін аластатылғаннан кейін қонақтар бес минутқа созылған артық құрамға ие болды. Және «Ақтөбе» бұл кезеңді ұтымды пайдаланды. Осы уақыт ішінде «Құлагер» қақпасына төрт шайба аттанды. Және бұл ойынның тағдырын шешті деуге болады. Петропавлдықтар жеңілістен құтылу үшін барын салды, тіпті екі шайба қайтарды. Алайда Александр Поляковтың командасы одан артық осалдық танытпады. Қонақтар үшін жеңіс шайбасының авторы – Кирилл Тюлюнов.

«Құлагер» - «Ақтөбе» 3:5 (0:0, 1:3, 2:2)

1:0 - 27:03 - Анисимов (Кабатаев, Бейсембиев)

1:1 - 36:41 - Плотников (Шпак, Коев)

1:2 - 37:48 - Мозжерин (Шайкенов) ГБ

1:3 - 38:58 - Коев (Зизевских) ГБ

1:4 - 41:00 - Тюлюнов (Калиниченко, Поленов) ГБ

1:5 - 41:17 - Шайкенов (Утебаев) ГБ

2:5 - 48:05 - Махамадеев (Букарь)

Қақпашылар: Коваль (Елхимов, 41:17-60:00) – Костюков

«Ақтөбе» - «Құлагер» сериясындағы есеп: 2-1 (2:1, 1:4, 5:3)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.