Хоккейден Қазақстан жастар чемпионатының жартылай финалдық сериялары жалғасады.
«Құлагер» мінез көрсетіп, «Ақтөбемен» төртінші текетіресте жеңіске жетті. Қонақтар матчтың бірінші минутында есеп ашып, Михаил Калиниченко дөп соққымен көзге түсті. Алайда әрі қарай петропавлдықтар таблода есеп теңестіріп қана қоймай, алға шықты. Өз есептерін сұрмергендер Даниил Махамадеев пен Егор Кабатаев толтырды. Алаң иелерінің қақпашысы Никита Осипов қақпаға бағытталған 35 соққыға тойтарыс берді. Сериядағы шешуші бесінші кездесу елдің батысында 25 наурызда өтеді.
«Құлагер» - «Ақтөбе» 2:1 (0:1, 1:0, 1:0)
0:1 - 00:54 - Калиниченко (Тюлюнов) ГБ
1:1 - 37:02 - Махамадеев (Харисов)
2:1 - 45:51 - Кабатаев (Махамадеев)
Қақпашылар: Осипов – Костюков
«Ақтөбе» - «Құлагер» сериясындағы есеп: 2-2 (2:1, 1:4, 5:3, 1:2)
«Ястребы» плей-оффта «Барыстың» жеңіс шеруін тоқтата алмады. Оралдағы матч елордалық ұжымның сенімді жеңісімен аяқталды, олар әр кезеңде екі шайба салып, финалға жолдама алды. Айта кету керек, Сергей Старыгиннің ойыншылары төрт шайбаны артық құраммен салды. Никита Ситников дубль жасады. Елордалық ұжым плей-оффта бірде-бір матчта ұтылған жоқ.
«Ястребы» - «Барыс» 2:6 (1:2, 1:2, 0:2)
1:0 - 07:09 - Чупин (Пидяшов, Васильев)
1:1 - 13:56 - Ситников
1:2 - 19:48 - Симонов (Жусупбеков) ГБ
2:2 - 21:47 - Свинтальский
2:3 - 35:54 - Русланулы (Цыбин) ГБ
2:4 - 37:45 - Ситников (Мигунов)
2:5 - 54:30 - Цыбин ГБ
2:6 - 59:54 - Роев (Ситников, Ляпунов) ГБ
Қақпашылар: Шестаков – Никитин
«Барыс» - «Ястребы» сериясындағы есеп: 3-0 (6:0, 5:2, 6:2)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.