Барыс плей-оффтағы жеңістер легін жалғастырды

29 naýryz
999

Астанада Қазақстан жастар чемпионатының «Барыс» пен «Құлагер» арасындағы финалдық сериясының алғашқы матчы өтті.

Алаң иелері бірінші ауысымда-ақ есеп ашты. Алайда петропавлдықтар кездесудің мұндай басынан кейін тез ес жиып, бір шайба салды. Бірінші үзіліске командалар «Құлагердің» жайлы басымдылығымен кетті. Тамерлан Бейсембиев дубль жасап, өзінің есебін сұрмерген Павел Анисимов толтырды.

Алайда қонақтардың үстемдікті дамытуға немесе оны сақтап қалуға шамасы келмеді. «Барыс» ойынға оралып, нәтижелі шабуылдар сериясын жасады.

Қарсыласты екі реттен Артём Авдеенко, Даниил Цыбин мен Роман Ермак састырды. Матчтың нүктесін петропавлдықтардың бос қақпасына шайба дарытқан Семён Симонов қойды.

Осылайша, Сергей Старыгиннің ойыншылары биылғы плей-оффтағы өзінің жеңістер сериясын жалғастырады. Ертең елордада финалдың екінші жекпе-жегі өтеді.

«Барыс» - «Құлагер» 5:3 (1:3, 2:0, 2:0)

1:0 - 00:38 - Жусупбеков (Симонов, Русланулы)

1:1 - 07:09 - Бейсембиев (Сергушкин) ГБ

1:2 - 13:51 - Анисимов (Бейсембиев)

1:3 - 17:25 - Бейсембиев (Сергушкин)

2:3 - 35:19 - Авдеенко (Ермак, Цыбин) ГБ

3:3 - 39:59 - Цыбин ГБ

4:3 - 47:47 - Ермак

5:3 - 59:44 - Симонов (Ляпунов) ПВ

Қақпашылар: Никитин (Истомин, 20:00-60:00) - Осипов (00:00 - 58:48)

«Барыс» - «Құлагер» сериясындағы есеп: 1-0 (5:3)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.