Барыстың чемпион атануына бір қадам қалды

2 sáýir
897

Петропавлда Қазақстан жастар чемпионатының финалдық сериясы жалғасады.

Серияның үшінші матчының негізгі жайттары екінші кезеңде орын алды. Елордалық ұжым үш жарым минут ішінде петропавлдық жұртшылықты екі рет қапы қалдырды. Салынған шайбалардың авторлары – Никита Ситников және кем құраммен көзге түскен Илья Шапоров. Ерлан Ербатыров көп ұзамай есеп айырмашылығын қысқартты. Алайда әрі қарай «Құлагер» тамаша матч өткізген Владимир Никитиннің қақпасын ала алмады. «Барыс» қақпашысы өз есебіне 24 сейв жазып, өз командасына серияда үшінші жеңіске жетуге көмектесті.

Финалдық текетірестің төртінші жекпе-жегі ертең Петропавлда өтеді.

«Құлагер» - «Барыс» 1:2 (0:0, 1:2, 0:0)

0:1 - 23:53 - Ситников

0:2 - 27:34 - Шапоров (Ермак) ГМ

1:2 - 30:24 - Ербатыров (Бейсембиев)

Қақпашылар: Осипов - Никитин

«Барыс» - «Құлагер» сериясындағы есеп: 3-0 (5:3, 3:2, 2:1)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.