Петропавлда Қазақстан жастар чемпионатының финалдық сериясының төртінші матчы өтті.
«Барыс» екінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, осы кезең матчтың тағдырын шешті. Соңғы кезеңде петропавлдықтар бар күшін салды, алайда кездесудің бағытын бұра алмады. Никита Ситников дубль жасады. Владимир Никитин қақпаға бағытталған 37 соққыға тойтарыс берді.
Елордалық ұжым 2022/23 маусымының плей-оффында бір де бір матчта жеңілмей, Қазақстан чемпионы атағын қорғады.
«Құлагер» - «Барыс» 1:4 (1:1, 0:3, 0:0)
1:0 - 06:22 - Махамадеев (Пиниди)
1:1 - 06:53 - Русланулы (Ляпунов, Симонов)
1:2 - 21:15 - Ситников (Мигунов)
1:3 - 28:36 - Ситников (Жусупбеков)
1:4 - 36:15 - Цыбин (Ермак) ГБ
Қақпашылар: Осипов - Никитин
«Барыс» - «Құлагер» сериясындағы есеп: 4-0 (5:3, 3:2, 2:1, 4:1)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.