6 және 10 тамыз аралығында Астанада балалар жарыстарында қызмет ететін желілік төрешілердің, сондай-ақ Jastar және Qyzdar Ligasy Қазақстан чемпионаты матчтарына тартылатын төрешілердің қатысуымен оқу-жаттығу жиындары өтті.
ОЖЖ басталар алдында төрешілер медициналық тексеруден өтті. Дәстүр бойынша арбитрлер теориялық және практикалық сабақтарға қатысып, онда қағидалардағы өзгерістер, әдістемелік жұмыс пен эпизодтарды талдаулар меңгерілді. Сондай-ақ жиын қатысушылары физикалық, теориялық және мұздағы дайындық бойынша норматив тапсырды.
Андрей Салов, Jastar Hokei Ligasy-ның желілік арбитрі
- Оқу-жаттығу процесі айтарлықтай нәтижелі өтуде. Барлығы жаңа әлденені үйреніп, өзінің дене дайындығын тексеруде. Сондай-ақ теориялық сабақтар мен норматив тапсыру жүріп жатыр. Әлдебір мәселелер пайда болып, біз оларды зерттелік, өзімізге түртіп алдық, матчтар кезінде басшылыққа алатын боламыз.
Мария Поздеева, Qyzdar Hokei Ligasy-ның желілік арбитрі
- Биыл біз бұрынғыдан да жүйелі түрде жұмыс жасап жатырмыз, жаңа өзгерістерді меңгеріп. Күн сайын жаңа нәрсе біліп дамитындай, біз де жаңа ережелермен таныысып, жаңа жоспарлар мен перспективалар құрып жатырмыз. Әзірге қыздар чемпионатында төрешілер көп емес, алайда келесі жылдары қатарымыз артады деп үміттенеміз.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.