1xBet Qazaqstan Jastar Kubogi күні ертең басталады

1 qyrkúıek
584

Беделді жүлде үшін 12 қазақстандық ұжым тартысады.

«А» тобының матчтары елордалық «Барыс» СК мұзайдынында өтеді. Мұнда «Астана», қазіргі ел чемпионы «Барыс», павлодарлық «Мұнайшы» және оралдық «Ястребы» ойнайды.

«В» тобының кездесулері Петропавлда өтеді. Мини-турнирдің иелері «Құлагерден» басқа, бұл төрттікте қатысушылар қатарынан «Алматыны» алмастырған көкшетаулық «Арлан», рудныйлық «Горняк» және Кубоктің қазіргі иегері – өскемендік «Торпедо» ойнайды.

Ақтөбе «С» тобының жекпе-жектерін қабылдайды. Онда турнирдің финалына жолдама алу үшін «Теміртау», «Жас Батыр», «Ақтөбе» және «Барыс-Жас» жарысады.

Финалдық раундқа топтардың жеңімпаздары, сондай-ақ топтарда екінші орын алған командалардан ең көп ұпай жинаған ұжым шығады. Жартылай финалдық жұптарды анықтау үшін бөлініс қатысушылар жинаған ұпайларға сәйкес жүргізіледі.

Жартылай финалдық матчтар мен финал 8 және 9 қыркүйекте Ақтөбеде өтеді.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.