Арлан, Астана мен Теміртау Кубокті жеңістен бастады

2 qyrkúıek
550

Ақтөбеде, Астана мен Петропавлда 1xBet Qazaqstan Jastar Kubogi бастапқы матчтары басталды.

«Арлан» жеңісті петропавлдықтардың уысынан жұлып алды. Бұл ретте көкшетаулықтар үшінші кезеңнің ортасына қарай айтарлықтай жайлы есеп үстемдігімен алда келе жатты. Алайда «Құлагердің» ойынды овертаймға айналдыруға барлық мүмкіндігі болды. Қонақтар құрамынан Павел Ждановский жубль жасады, «Арланның» қақпашысы Даниил Чепец қақпаға бағытталған 34 соққыға тойтарыс берді.

«Құлагер» - «Арлан» 3:4 (0:2, 1:1, 2:1)

0:1 - 14:29 - Ждановский ГМ

0:2 - 17:06 - Свинтальский

1:2 - 26:50 - Горбань (Кузьмин, Свириденко) ГБ

1:3 - 33:08 - Ждановский (Селезнев, Свинтальский)

1:4 - 50:30 - Селезнев (Свинтальский)

2:4 - 54:43 - Фрукалов (Акмахан)

3:4 - 59:38 - Анисимов

Қақпашылар: Байдек – Чепец

«Астана» ойынды сәтті бастап, «Ястребыға» қарсы матчта екі балл иемденді. Жеңіс соққысының авторы атанған Жанболат Бекеев сонымен қатар нәтижелі пас берді. «Елордалықтардың» голкипері Дармен Габдуллиннің есебінде 25 сейв бар.

«Ястребы» - «Астана» 1:3 (0:2, 0:1, 1:0)

0:1 - 10:48 - Захаров (Бекеев, Гатауллин)

0:2 - 11:23 - Бекеев (Сторожилов, Сатемиров)

0:3 - 30:43 - Гатауллин

1:3 - 59:47 - Выборный (Алламов, Севастьянов) ГБ

Қақпашылар: Какенов – Габдуллин

«Ақтөбе» «Теміртаумен» ойында ұпай жинай алмады. Қонақтарға жеңісті 46-шы минутта Никита Короткихтің дөп соққысы сыйлады, алайда матчтың басты қаһарманы деп қақпаға бағытталған 33 соққыға тойтарыс берген Никита Селивёрстов деп атауға болады.

«Ақтөбе» - «Теміртау» 1:2 (0:1, 1:0, 0:1)

0:1 - 16:52 - Лигай (Рублёв)

1:1 - 31:30 - Бакуменко (Цихоцкий, Курсакбаев)

1:2 - 45:15 - Коротких (Рублёв, Лигай)

Қақпашылар: Дубович - Селивёрстов 

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.