Құлагер, Ястребы мен Барыс-Жас турнирде алғашқы жеңістеріне қол жеткізді

3 qyrkúıek
1020

Елдің үш қаласында хоккейден Қазақстан жастар кубогі жалғасуда.

«Құлагер» турнирдің бірінші матчында жеңілгеннен кейін өзінің бар күшін салып, «горняктық» қарсыластарын ойсырата жеңді. Еліміздің өткен жастар чемпионатының финалистері екінші кезеңді екіндетіп өткізіп, Кубоктің финалдық бөлігіне шығу үшін күреске оралды. Петропавлдықтардың құрамынан Алексей Фрукалов дубль жасады.

«Құлагер» - «Горняк» 8:3 (1:1, 4:0, 3:2)

0:1 - 01:56 - Пархоменко (Рязанов)

1:1 - 02:06 - Кузьмин (Махамадеев, Литвинцов)

2:1 - 21:37 - Фрукалов (Абрамов, Серикбулатов) ГБ

3:1 - 27:03 - Анисимов ГМ

4:1 - 29:01 - Акмахан (Анисимов)

5:1 - 31:28 - Махамадеев (Артемьев)

6:1 - 41:42 - Серикбулатов (Абрамов)

7:1 - 46:37 - Фрукалов (Акмахан, Серикбулатов) ГБ

8:1 - 52:59 - Абрамов (Акмахан) ГБ

8:2 - 53:10 - Крицин (Малхасян)

8:3 - 58:20 - Малхасян (Рязанов) ГБ

Қақпашылар: Елхимов - Шапошник (Кушкенов, 50:36-60:00)

«Мұнайшы» екінші рет жеңіліске ұшырап, шешуші раундқа шығу мүмкіндігінен айрылды. Бұл ретте бұл жекпе-жектегі жеңіс «Ястребы» командасына оңай келген жоқ. Соңғы кезеңнің ортасына дейін павлодарлықтар ұпайға қармануына болар еді, алайда кездесудің соңы оралдық ұжымның пайдасына шешілді. Батысқазақстандық ұжымның форварды Тимофей Севастьянов өз есебіне екі дөп соққы салды. «Мұнайшылық» Никита Гостюшев те өзінің есебін екі голмен толықтырды.

«Ястребы» - «Мұнайшы» 7:2 (1:1, 1:1, 5:0)

0:1 - 05:45 - Гостюшев (Мирошниченко) ГМ

1:1 - 07:15 - Севастьянов ГБ

1:2 - 31:29 - Гостюшев (Ефимов, Абенов) ГБ

2:2 - 38:34 - Иконников (Пидяшов)

3:2 - 45:35 - Севастьянов (Рахимов)

4:2 - 49:14 - Стальмаков (Плечев, Крицин) ГБ

5:2 - 50:16 - Крицин (Рахимов, Севастьянов) ГБ

6:2 - 50:41 - Плечев (Талерко)

7:2 - 58:26 - Талерко (Куминов)

Қақпашылар: Какенов (Костоев, 53:30-60:00) - Гиганов (Плотников, 50:41-60:00)

«Ақтөбе» күтпеген жерден «Барыс-Жасқа» жол берді.Елордалық ұжым әр кезеңде нәтижелі шабуыл жасап, қорғаныста өте мығым ойнады. «С» тобының иелері қарсы қақпаға барлығы 18 соққы жасады, қақпашы Тәңірхан Алпысбаев оның 17-ісіне төтеп берді. Аристарх Киреев дубль жасады. «Ақтөбе» екі кездесуден кейін нөлдік ұпаймен Кубоктің финалдық бөлігіне шығу мүмкіндігін жоғалтады.

«Ақтөбе» - «Барыс-Жас» 1:3 (0:1, 1:1, 0:1)

0:1 - 08:05 - Киреев (Ибрагим, Миндубаев)

0:2 - 20:14 - Киреев (Алпкарин, Миндубаев)

1:2 - 28:21 - Шпак (Курсакбаев) ГМ

1:3 - 51:22 - Лесничий ГБ

Қақпашылар: Дубович - Алпысбаев


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.