Барыс пен Жас Батыр өз топтарында көш бастады, Торпедо Арланды ойсырата жеңді

4 qyrkúıek
863

Қазақстан жастар кубогінің топтық кезеңі аяқталуға таяды.

«Астана» мен «Барыстың» елордадағы жекпе-жегінде жеңімпаз буллиттер сериясында анықталды. Қазіргі чемпиондар маңызды жеңіске қол жеткізіп, «А» тобының көшін бастады. Шешуші соққы Темірлан Қитаровқа тиесілі, «Барыстың» қақпашысы Данил Лыткин қақпаға бағытталған 36 соққыға тойтарыс берді.

«Астана» - «Барыс» 1:2 Б (0:0, 1:1, 0:0, 0:0, 0:1)

1:0 - 28:56 - Сулейменов (Шукелов)

1:1 - 32:37 - Манажанов (Зияш, Надейкин)

1:2 - 65:00 - Китаров

Қақпашылар: Габдуллин - Лыткин

«Арлан» мен «Торпедоның» кездесуі Кубоктің қазіргі иегерлерінің пайдасына 9:0 есебімен аяқталды. Артур Глухих покер жасады, тіпті форвард төрт шайбаны қатарынан салды. Өскемендіктер топтық кезеңнің екі кездесуінде максималды балл жинап, 17 гол салды.

«Арлан» - «Торпедо» 0:9 (0:4, 0:3, 0:2)

0:1 - 06:12 - Рысбеков (Гавриленко)

0:2 - 12:23 - Астраханцев (Гавриленко, Рысбеков) ГБ

0:3 - 16:52 - Рысбеков (Гавриленко) ГБ

0:4 - 17:37 - Глухих (Ефремов, Беляков) ГБ

0:5 - 25:15 - Глухих (Ефремов, Мерзликин)

0:6 - 29:41 - Глухих

0:7 - 37:55 - Глухих (Мерзликин)

0:8 - 44:04 - Жапаров (Фокин, Хан)

0:9 - 50:25 - Пименов (Ефремов)

Қақпашылар: Чепец - Осокин (Эрштейн, 34:36-60:00)

«Теміртау» мен «Жас-Батыр» бірлесіп, он шайба салды. Бүгін атыраулық хоккейшілер дәлірек көздеп, «С» тобында бірінші орынға шықты. Жеңімпаздар құрамынан Мәдихан Күнтуғанов пен Роман Строчкин екі дөп соққыдан салды.

«Теміртау» - «Жас Батыр» 4:6 (1:3, 1:1, 2:2)

0:1 - 00:46 - Контуганов (Папшев)

1:1 - 12:07 - Бодиков (Алтухов)

1:2 - 16:36 - Строчкин (Хальзев, Бойцов)

1:3 - 19:28 - Пиниди (Строчкин, Хальзев)

2:3 - 29:35 - Степанов (Лигай, Деликов) ГБ

2:4 - 32:24 - Контуганов (Телгожаев) ГБ

3:4 - 43:24 - Божко (Симонов, Степанов)

3:5 - 51:34 - Щепеицких (Телгожаев, Контуганов)

4:5 - 52:14 - Хусаинов ГБ

4:6 - 59:59 - Строчкин (Трибунский) ПВ

Қақпашылар: Пахоленко - Фанайлов

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.