Ястребы Барысты Кубоктің жартылай финалына өткізбеді, Барыс-Жас пен Теміртау буллитке жетті

5 qyrkúıek
895

Қазақстан жастар кубогінің топтық кезеңінің қорытынды күнінің күндізгі сессиясында үш матч өтті.

«Ястребы» «Барысты» жеңіп, қазіргі ел чемпионын Кубок жолындағы жорықтан шығарды. Оралдықтарға Владислав Иконников пен Дмитрий Пидяшовтің дөп соққылары, сонымен қатар Руслан Какеновтің 23 сейві жеңіс сыйлады.

«Барыс» - «Ястребы» 0:2 (0:1, 0:1, 0:0)

0:1 - 05:56 - Иконников

0:2 - 34:27 - Пидяшов (Акпирганов, Талерко)

Қақпашылар: Лыткин - Какенов

«Арлан» бірінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, «Горнякты» ойсырата жеңді. Даниил Свинтальский көкшетаулықтардың бес (2+3) нәтижелі шабуылына қатысты. Сондай-ақ қарсыласты екі реттен Леонид Ждановский мен Алдияр Кабдуали састырды. Рудныйлықтар құрамынан Олег Малхасян гол салды.

«Горняк» - «Арлан» 3:8 (1:5, 0:3, 2:0)

0:1 - 03:17 - Краснолуцкий (Свинтальский, Селезнев) ГБ

0:2 - 04:11 - Ждановский (Свинтальский, Селезнев)

0:3 - 10:12 - Толуспаев (Кентаев)

0:4 - 12:36 - Кабдуали (Селезнев, Ибраев)

0:5 - 15:56 - Ждановский (Ибраев, Селезнев) ГБ

1:5 - 19:09 - Малхасян ГБ

1:6 - 20:21 - Кабдуали (Свинтальский)

1:7 - 29:44 - Свинтальский (Кабдуали, Ждановский)

1:8 - 37:21 - Свинтальский (Ждановский)

2:8 - 52:49 - Стенников (Руслан) ГБ

3:8 - 53:27 - Малхасян (Семенов)

Қақпашылар: Шинковский (Кушкенов, 15:56-60:00) - Чепец (Терехов, 57:32-57:55)

«Барыс-Жас» пен «Теміртау» жеңімпазды буллиттер сериясында анықтады. Бұл текетіресте екі балды қарағандылық «Сарыарқа» жүйесінің өкілдері иемденді. Жеңімпаздар құрамынан Никита Коротких пен Илья Перцев екі голдан салды. «Теміртау» қақпашысы Алексей Зюзин қақпаға бағытталған 36 соққыға тойтарыс берді.

«Барыс-Жас» - «Теміртау» 4:5 Б (1:1, 2:2, 1:1, 0:0, 0:1)

0:1 - 02:07 - Симонов ГМ

1:1 - 09:51 - Нурканов (Карапетян)

1:2 - 22:54 - Перцев (Калкабек, Бодиков)

2:2 - 27:14 - Миндубаев (Алпкарин)

3:2 - 29:39 - Ибрагим (Алпкарин, Киреев) ГБ

3:3 - 38:18 - Коротких (Божко, Совет)

4:3 - 41:21 - Алпкарин ГБ

4:4 - 51:38 - Коротких

4:5 - 65:00 - Перцев

Қақпашылар: Ряшин - Зюзин 


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.