Астана, Торпедо мен Жас Батыр 1xBet Qazaqstan Jastar Kubogi-нің жартылай финалына шықты

5 qyrkúıek
601

Қазақстан жастар кубогінің топтық кезеңінің қорытынды күнінің кешкі сессиясында үш кездесу болды.

«Астана» үш шайба алда келе жатып, негізгі уақыттағы жеңісті уыстан шығарып алды. Десе де, «Мұнайшымен» текетіресте екі балл иемденді. Бұл жетістік «елордалықтарға» «А» тобынан жартылай финалға шығуға мүмкіндік берді. Жеңімпаздар құрамынан Семён Черкасов дубль жасады.

«Мұнайшы» - «Астана» 4:5 Б (1:2, 1:2, 2:0, 0:0, 0:1)

1:0 - 02:24 - Гулый (Гостюшев, Анцельм)

1:1 - 04:56 - Бекеев (Самаров, Гатауллин)

1:2 - 16:27 - Гатауллин (Бекеев) ГБ

1:3 - 21:24 - Черкасов (Еркинов)

1:4 - 22:01 - Черкасов (Еркинов, Церульников)

2:4 - 36:29 - Гостюшев ГМ

3:4 - 56:38 - Абенов (Лариков)

4:4 - 59:03 - Гулый (Анцельм)

4:5 - 65:00 - Бондарев

Қақпашылар: Гиганов – Габдуллин (00:00-34:51, 65:00-65:00), (Еркинов, 34:51-65:00)

«Торпедо» «Құлагермен» текетіресте осалдық танытпай, «В» тобынан бірінші орынды иеленді. Өскемендік қазіргі Кубок иегерлері үш рет артық құрам ұйымдастырып, алдын ала раунд аясындағы үшінші жеңісіне қиналмастан жеңді. Екі дөп соққы қорғаушы Никита Дубинкинге тиесілі.

«Торпедо» - «Құлагер» 5:1 (2:1, 1:0, 2:0)

1:0 - 01:08 - Глухих (Мерзликин) ГМ

1:1 - 01:43 - Горбань (Анисимов) ГБ

2:1 - 18:50 - Рысбеков

3:1 - 31:22 - Дубинкин (Астраханцев, Базанов) ГБ

4:1 - 44:50 - Дубинкин (Базанов, Беляков) ГБ

5:1 - 52:57 - Хан (Беляков, Мерзликин) ГБ

Қақпашылар: Осокин (Пыленок, 53:10-60:00) - Осипов

«Ақтөбе» Кубоктің алдын ала кезеңі аясында ұпай жинай алмады. Батыстық тартыс «Жас Батырдың» пайдасына шешілді. Аталмыш команда үш рет жеңіске жетіп, финалдық раундқа өтеді. Атыраулықтар үшін шешуші голдың авторы – артық құрам ұйымдастырған Никита Бойцов.

«Жас Батыр» - «Ақтөбе» 5:3 (1:0, 1:2, 3:1)

1:0 - 10:01 - Щепеицких (Телгожаев)

1:1 - 24:11 - Бурамбаев (Бакуменко, Зизевских)

2:1 - 27:13 - Хальзев

2:2 - 32:35 - Бурамбаев (Зубарев, Цихоцкий)

3:2 - 47:43 - Строчкин (Кисель, Хальзев)

4:2 - 52:24 - Бойцов (Строчкин, Кисель) ГБ

4:3 - 54:52 - Шайкенов (Поленов)

5:3 - 59:49 - Папшев (Контуганов) ПВ

Қақпашылар: Фанайлов - Костюков

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.