Жас Батыр – 1xBet Qazaqstan Jastar Kubogi жеңімпазы

9 qyrkúıek
672

1xBet Qazaqstan Jastar Kubogi-нің финалдық текетіресінде атыраулық ұжым басым түсті.

«Торпедолықтар» бірінші кезеңде-ақ ойынды өз бақылауына алып, екі нәтижелі шабуыл жасады. Ойынның ортасына қарай өскемендіктер есеп алшақтығын тіпті үш шайбаға дейін жеткізді. Алайда әрі қарай ойынның шартты иелері ойын өрнегін жоғалтты, мұны қарсылас ұтымды пайдаланды. «Жас Батыр» үш минуттан астам уақыт ішінде қарсыласқа үш шайба дарытып, есеп теңестірді.

Соңғы кезеңде атыраулықтар қарсыластың қақпасын торуылдап, екпінді күшейтті. Және бұл айласы нәтиже берді. Валерий Хальзев артық құрам ұйымдастырды, Данила Пиниди қарсыластың қақпасына алтыншы шайбаны аттандырып, «Торпедоны» әбден титықтатты.

Финалдық ысқырық өз тарихында алғаш рет Қазақстар жастар кубогінің иегері атағын жеңіп алған «Жас Батырдың» жеңісін тіркеді.

«Торпедо» - «Жас Батыр» 4:6 (2:0, 2:4, 0:2)

1:0 - 08:55 - Гавриленко (Тютюньков, Фокин) ГБ

2:0 - 11:16 - Киселёв (Есимов, Ефремов)

2:1 - 24:32 - Пиниди (Контуганов, Строчкин)

3:1 - 25:12 - Тютюньков (Гавриленко, Астраханцев)

4:1 - 31:40 - Мерзликин (Гавриленко, Хан) ГБ

4:2 - 32:38 - Папшев (Контуганов) ГМ

4:3 - 35:10 - Строчкин (Хальзев)

4:4 - 36:00 - Строчкин (Хальзев, Пиниди)

4:5 - 43:33 - Хальзев (Бойцов, Строчкин) ГБ

4:6 - 48:43 - Пиниди (Хальзев)

Қақпашылар: Эрштейн - Фанайлов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.