Ястребы мен Ақтөбе маусымды түздегі жеңістерімен ашты

16 qyrkúıek
977

Қазақстанның алты қаласында Қазақстан жастар чемпионатының бастапқы матчтары өтуде.

«Ястребы» «Мұнайшыны» жеңді. Соңғы кезеңге дейін павлодарлықтар оң нәтижеден әлі де үмітті болды, алайда алаң иелері үшінші кезеңге шаршап жетті. Қарсыласты екі рет Никита Талерко састырды, Сұлтанбек Рахимов командаластарына үш рет пас берді.

«Мұнайшы» - «Ястребы» 2:5 (1:1, 1:1, 0:3)

0:1 - 02:32 - Талерко (Рахимов)

1:1 - 08:39 - Пархоменко (Назарчук, Тагамбаев)

2:1 - 25:00 - Назарчук (Тагамбаев) ГБ

2:2 - 39:46 - Севастьянов (Иконников, Стальмаков) ГБ

2:3 - 43:52 - Выборный (Стальмаков, Севастьянов)

2:4 - 48:25 - Талерко (Рахимов)

2:5 - 59:51 - Тяжелов (Рахимов, Талерко) ПВ

Қақпашылар: Гиганов - Какенов

«Теміртау» «Ақтөбемен» өз алаңындағы алғашқы кездесуде ұпай жинай алмады. Қонақтар үшін жеңіс шайбасының авторы – Ерасыл Шайкенов. Батысқазақстандық ұжымның қақпашысы Максим Дубович қақпаға бағытталған 32 соққыға тойтарыс берді.

«Теміртау» - «Ақтөбе» 1:3 (0:0, 1:2, 0:1)

0:1 - 26:16 - Морозов (Бурамбаев)

0:2 - 32:32 - Шайкенов (Катасонов, Поленов)

1:2 - 34:29 - Гареев (Божко, Забурдяев)

1:3 - 59:57 - Цихоцкий ПВ

Қақпашылар: Селивёрстов - Дубович


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.