Торпедо мен Құлагердің алғашқы жеңістері

20 qyrkúıek
1036

Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің күндізгі сессиясы үш матчты қамтыды.

Өткен Қазақстан кубогінің финалисі «Торпедо» чемпионаттағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Өскемендіктер өз алаңында «Ястребы» командасынан басым түсті. Соңғы кезеңнің басына қарай алаң иелері үш шайбамен алда келе жатты және ойынды бақылауда ұстағандай көрінген. Алайда оралдықтар ойынға оралып, есеп алшақтығын минимумға дейін қысқартты. Десе де, қонақтар жеңілістен құтыла алмады. Шешуші шайбаның авторы – Сергей Киселёв. Никита Эрштейн қақпаға бағытталған 34 соққыға тойтарыс берді.

«Торпедо» - «Ястребы» 3:2 (1:0, 2:0, 0:2)

1:0 - 03:05 - Астраханцев

2:0 - 30:30 - Глухих

3:0 - 35:51 - Киселёв (Ефремов, Борзенко)

3:1 - 44:51 - Стальмаков (Севастьянов, Смелов)

3:2 - 51:18 - Выборный (Севастьянов)

Қақпашылар: Эрштейн - Какенов

«Арлан» елдің қазіргі чемпионымен кездесуде бастапқы кезеңді сәтті өткізді. Үзіліске қарай көкшетаулықтар елордалық қонақтарды үш рет састырып үлгерді, Леонид Ждановский дубль жасады. Алайда әрі қарай «Барыс» бойын тіктеп, қатарынан жеті нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Екі гол Савелий Потаповқа тиесілі, Кәрім Қажыбеков (1+2) үш шайбаның салынуына қатысты. Астаналықтар әзірге жеңіліссіз келе жатыр, ал «Арлан» әзірге жеңіс дәмін татып үлгермеді.

«Арлан» - «Барыс» 3:7 (3:0, 0:3, 0:4)

1:0 - 03:15 - Толуспаев

2:0 - 06:47 - Ждановский (Селезнев, Монахов)

3:0 - 17:09 - Ждановский (Селезнев, Ибраев)

3:1 - 22:51 - Надейкин (Гросс, Шарапов)

3:2 - 29:43 - Потапов (Надейкин, Левковец) ГБ

3:3 - 37:09 - Дурглишвили (Айткалиев, Қажыбеков)

3:4 - 41:04 - Қажыбеков (Трегубов)

3:5 - 41:49 - Гросс (Макаров, Левковец)

3:6 - 43:09 - Потапов (Манажанов)

3:7 - 43:44 - Трегубов (Қажыбеков, Оразбаев)

Қақпашылар: Чепец (Лаюров, 43:01-60:00) - Лыткин (Төлеубай, 17:09-60:00)

«Құлагер» басталған чемпионатта алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Петропавлдықтар «Астанамен» кездесудің соңын жақсы аяқтап, есепті өз пайдаларына шешті. «Елордалықтар» үшін бұл маусымдағы алғашқы жеңіліс. Жеңімпаздар құрамынан Алексей Фрукалов пен Кирилл Юдин дубль жасады. «Құлагердің» екі балына өз үлесін алаң иелерінің қақпашысы Алексей Байдек қосты. Ол өз командасына бағытталған 58 соққыға тойтарыс берді.

«Құлагер» - «Астана» 5:3 (0:0, 2:2, 3:1)

0:1 - 22:24 - Церульников (Амангалиев, Мухаметжанов)

1:1 - 25:56 - Абрамов (Фрукалов) ГБ

2:1 - 33:41 - Фрукалов (Абрамов, Акмахан)

2:2 - 38:12 - Черкасов (Кожемяко, Еркинов)

2:3 - 40:09 - Церульников (Черкасов)

3:3 - 43:42 - Юдин (Мейрам)

4:3 - 50:14 - Юдин (Фролов)

5:3 - 59:58 - Фрукалов (Акмахан) ПВ

Қақпашылар: Байдек - Габдуллин


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.