Ақтөбе Алматыны маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшыратты

22 qyrkúıek
649

Алматыда Қазақстан жастар чемпионатының бүгінгі жалғыз матчы өтті.

«Алматы» мен «Ақтөбенің» екінші матчы да аса нәтижелі болмады. Негізгі оқиғалар бірінші кезеңде-ақ орын алды. Роман Оликов 35-ші секундта есеп ашты, ал үзіліске 43 секунд қалғанда Максим Морозов артық құрам ұйымдастырды және кейін белгілі болғандай, жеңіс шайбасының авторы атанды. Үшінші кезеңнің соңғы минутында Данил Шулепов тамаша матч өткізген Максим Дубовичтің қақпасын ашты. Алайда алаң иелері одан әріге бара алмады. Айтқандай, «Алматы» бүгін маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.

«Алматы» - «Ақтөбе» 1:2 (0:2, 0:0, 1:0)

0:1 - 00:35 - Оликов (Катасонов, Афлитонов)

0:2 - 19:17 - Морозов (Бурамбаев, Цихоцкий) ГБ

1:2 - 59:10 - Шулепов (Филимонов)

Қақпашылар: Рудковский - Дубович


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.