Барыстың бесінші жеңісі, Мұнайшының алғашқы балы

26 qyrkúıek
622

Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің күндізгі сессиясында үш матч өтті.

Турнир кестесінің төменгі бөлігіндегі командалар жекпе-жегінде «Горняк» басым түсті, алайда «Мұнайшыға» қарсы жеңіс тек овертаймда тіркелді. Павлодарлықтар осылайша жаңа чемпионаттағы алғашқы балдарына қол жеткізді. Кездесудің басты қаһарманы – дубль жасаған Станислав Семенов. Рудныйлықтардың қақпашысы Илья Лигай қақпаға бағытталған 26 соққыға тойтарыс берді.

«Горняк» - «Мұнайшы» 2:1 (0:1, 1:0, 0:0, 1:0)

0:1 - 08:56 - Гуринович (Назарчук, Рихард)

1:1 - 31:07 - Семенов (Малхасян) ГМ

2:1 - 63:19 - Семенов (Малхасян)

Қақпашылар: Лигай - Гиганов

«Барыс» өзінің жеңістер шеруін бес матчқа жеткізді. Маусымның алғашқы үй матчында қазіргі чемпион «Теміртаудың» арынын басты. Шешуші шайбаның авторы – Әлім Айтқалиев. Нәтижелілік үшін Артур Гросс пен Алексей Трегубов екі балдан (1+1) иемденді. Елордалық ұжым әзірге чемпионат басталғалы жеңіліс көрмей, Лиганың турнир кестесін бастап келеді.

«Барыс» - «Теміртау» 4:2 (2:0, 0:1, 2:1)

1:0 - 15:43 - Гросс (Левковец) ГБ

2:0 - 19:20 - Трегубов

2:1 - 38:52 - Божко (Хусаинов, Степанов)

3:1 - 55:22 - Айткалиев (Трегубов)

3:2 - 58:28 - Телегин (Березенский)

4:2 - 59:47 - Китаров (Гросс) ПВ

Қақпашылар: Лыткин - Селивёрстов

«Алматы» «Астанамен» ойын барысында есеп 0:3 болып тұрған жерінен есе қайтарды, алайда буллиттер сериясында дегенмен жеңіліп қалды. Жеңімпаздар құрамынан Егор Гатаулин дубль жасады, шешуші шайбаны да гол салды. Андрей Церульников пен Семён Черкасов 3 (1+2) балдан жинады. Қос ұжым да чемпионат көшбасшылары қатарында.

«Астана» - «Алматы» 5:4 Б (3:0, 0:1, 1:3, 0:0, 1:0)

1:0 - 01:40 - Захаров (Церульников, Черкасов)

2:0 - 12:20 - Церульников (Черкасов) ГМ

3:0 - 15:05 - Гатауллин

3:1 - 30:15 - Филоненко (Черныш, Шулепов) ГБ

3:2 - 42:24 - Шулепов (Цинаев, Филоненко)

3:3 - 46:04 - Мажикенов (Филимонов, Фетисов)

4:3 - 47:40 - Черкасов (Захаров, Церульников)

4:4 - 53:30 - Филимонов (Киргизбаев)

5:4 - 65:00 - Гатауллин ПБ

Қақпашылар: Габдуллин - Яковенко


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.