Елордадағы буллиттер, Горняк тағы да Торпедоға жол берді

1 qazan
574

Қазақстан жастар чемпионатының үш матчы аяқталды.

Елордадағы екінші матчта «Астана» мен «Теміртау» жеңімпазды буллиттер сериясында анықтады. Негізгі уақыт пен овертаймда командалар тең түсті. Нәтижесінде алаң иелері жеңіске жетіп, шешуші соққының авторы Никита Пашковский болды. «Елордалықтар» өздерінің жеңіс шеруін алты матчқа дейін ұзартты.

«Астана» - «Теміртау» 4:3 Б (1:1, 1:2, 1:0, 0:0, 1:0)

1:0 - 04:49 - Захаров (Церульников, Черкасов)

1:1 - 06:01 - Забурдяев (Алтухов, Телегин)

1:2 - 21:25 - Божко (Совет, Лигай)

1:3 - 29:06 - Степанов (Соколов, Совет)

2:3 - 31:38 - Турсынбеков (Шаяхметов)

3:3 - 47:40 - Черкасов (Куценко, Бекеев) ГБ

4:3 - 65:00 – Пашковский ПБ

Қақпашылар: Габдуллин – Зюзин

«Горняк» «Торпедоға» жол беріп, қатарынан үшінші матчта жеңіліске ұшырады. Өскемендіктер құрамынан Александр Пименов дубль жасады. Рудныйлықтардың қақпашысы Никита Шапошниктің орындауындағы тамаша ойынды атап өткен жөн. Бүгін ол қақпаға бағытталған 47 соққыға тойтарыс берді, алайда бұл алаң иелеріне ұпай жинауға көмектеспеді.

«Горняк» - «Торпедо» 3:5 (0:1, 0:2, 3:2)

0:1 - 17:22 – Тютюньков Я. (Астраханцев)

0:2 - 24:07 - Дубинкин (Тютюньков Я., Фокин) ГБ

0:3 - 33:25 - Пименов

0:4 - 41:41 - Жапаров (Мерзликин)

1:4 - 46:39 - Стенников (Лопухов) ГБ

2:4 - 47:13 - Абдуллаев

2:5 - 51:00 - Пименов (Мерзликин)

3:5 - 59:35 - Семенов (Сертаев) ГБ

Қақпашылар: Шапошник – Пыленок

Қазіргі ел чемпионы жеңуін тоқтатар емес. «Алматы» өкілдері «Барыспен» жекпе-жекте ұпай жинай алмады. Георгий Верещагиннің ойыншылары чемпионат басталысымен қатарынан сегізінші матчта жеңді. Бүгінгі таңда «Барыс» қорғаныстағы ең мығым ойынды көрсетіп келеді.

«Барыс» - «Алматы» 6:1 (2:0, 3:1, 1:0)

1:0 - 08:00 - Макаров (Перкин, Надейкин)

2:0 - 11:35 - Перкин (Трегубов, Шарапов)

3:0 - 20:36 - Гафуров (Мейрман, Манажанов)

4:0 - 27:32 - Манажанов (Гафуров)

5:0 - 27:40 - Левковец (Гросс)

5:1 - 28:44 - Филимонов (Черныш)

6:1 - 49:19 - Гросс (Айткалиев, Шимин)

Қақпашылар: Төлеубай (Шарипов, 40:00-60:00) - Павлов (Яковенко, 27:40-60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.