Қыркүйек айының үздік ойыншылары

3 qazan
1016

1хBet Jastar Hokei Ligasy-ның алғашқы айын қорытындылайық. Бұл материалда 1 қазанда өткен матчтар ескеріледі.

Үздік қақпашы – Абылайхан Төлеубай («Барыс»)

Төлеубай «Барыстың» нөмірі бірінші ойыншысы атанып, чемпионат басталғалы бері тамаша ойын көрсетті. Ол алты матчта мұзға шығып, олардың барлығында «Барыс» жеңіске жетті. Осы уақыт ішінде Абылайхан барлығы 6 шайба өткізіп (СК – 1,1), қақпаға бағытталған соққылардың 93.1%-ына тойтарыс берді. Бір матчта голкипер қақпаға шайба жуытпады.

Үздік қорғаушы – Руслан Телгожаев («Жас Батыр»)

Ағымдағы чемпионат басындағы сегіз кездесуде Руслан өткен маусымда орнатқан өзіндік нәтиже рекордын қайталады. Қазір оның ессебінде +17 пайдалылық көрсеткішімен 18 (3+15) балл бар. Бұл чемпионаттың үздік бомбардирлерінің бестігіне енуге мүмкіндік береді. Телғожаев «Жас Батырдың» өткен кезеңдегі барлық матчтарында ұпай жинады.

Үздік шабуылшы – Роман Строчкин («Жас Батыр»)

Форвард атыраулықтардың шабуыл шебі үшін таптырмас ойыншы атанды. Өткен кезеңнің 8 матчында ол мұздан бір рет қана нәтижелі іс-қимылсыз кетті. Бүгінгі таңда оның есебінде 26 (11+15) ұпай: бір покер, бір хет-трик және екі дубль бар. Ал ойындардың бірінде Роман бірден 8 (4+4) балл жинай алды. Мұндай нәтижесінің арқасында Строчкин чемпионаттың бомбардирлер көшін бастайды, ал «Жас Батыр» Лиганың ең көп шайба салатын командасы саналады.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.