Арланның тоғызыншы жеңілісі, Жас Батыр жеңіс сериясын жалғастырады

10 qazan
1074

Қазақстан жастар чемпионаты кішігірім үзілістен кейін жалғасын тапты.

«Арлан» маусым басталғалы бері бір де бір рет жеңбеген лигадағы жалғыз команда болып отыр. Бүгін көкшетаулықтар өз алаңында «Ақтөбеге» есе жіберді. Үшінші кезеңнің ортасы шешуші болып, қонақтар қарсыласты бір жарым минут ішінде екі рет састырды. Жеңімпаздар құрамынан Максим Морозов дубль жасады.

«Арлан» - «Ақтөбе» 2:4 (1:1, 1:1, 0:2)

0:1 - 05:29 - Морозов (Цихоцкий, Бурамбаев)

1:1 - 13:45 - Ждановский (Кабдуали)

1:2 - 28:07 - Герасимов (Шпак, Илияс)

2:2 - 32:27 - Кабдуали (Ждановский, Ибраев) ГБ

2:3 - 47:25 - Морозов (Афлитонов)

2:4 - 48:58 - Бурамбаев (Цихоцкий, Морозов)

Қақпашылар: Шефер – Дубович

«Жас Батыр» «Алматымен» матчта өзінің жеңіс сериясын еш қиындықсыз жалғастырды. Бірінші кезеңде алаң иелері қарсыластың шабуылына төтеп бере алса, әрі қарай қонақтарды тоқтату мүмкін болмады. Филипп Папшев пен Роман Строчкин өз есебіне екі дөп соққыдан жазды. Атыраулықтар үшін бұл чемпионат басталғалы бергі қатарынан тоғызыншы жеңіс.

«Алматы» - «Жас Батыр» 0:7 (0:0, 0:3, 0:4)

0:1 - 25:34 - Папшев (Контуганов, Трибунский)

0:2 - 35:46 - Строчкин (Хальзев, Папшев) ГБ

0:3 - 38:40 - Хальзев (Строчкин)

0:4 - 44:50 - Контуганов (Щепеицких) ГМ

0:5 - 45:14 - Строчкин (Хальзев) ГМ

0:6 - 47:44 - Ерасов (Багитжанов)

0:7 - 50:17 - Папшев (Бойцов, Строчкин) ГБ

Қақпашылар: Яковенко – Дударкиев

«Горняк» «Құлагермен» алғашқы түздегі матчты жақсы бастады. Алайда петропавлдықтар екі шайба өткізіп алғаннан кейін «оянып», сенімді түрде жеңіске жетті. Бұл жетістік алаң иелеріне плей-офф аймағына жақындауға мүмкіндік берді, рудныйлықтар қатарынан төртінші рет жеңіліске ұшырап отыр. Жеңімпаздар құрамынан Роман Заруцкий мен Юрий Комиссаров екі реттен көзге түсті.

«Құлагер» - «Горняк» 8:4 (1:2, 5:2, 2:0)

0:1 - 12:08 - Крицин (Стенников)

0:2 - 16:28 - Кожуховский (Стенников, Руслан) ГБ

1:2 - 18:23 - Заруцкий (Артемьев, Шарикпаев)

2:2 - 20:39 - Махамадеев (Калиниченко)

3:2 - 21:23 - Юдин (Рябчиков, Комиссаров)

3:3 - 29:13 - Стенников (Малхасян, Абдуллаев)

4:3 - 34:40 - Комиссаров (Юдин, Ақмахан)

5:3 - 34:57 - Горбань (Калиниченко, Абрамов)

6:3 - 35:37 - Заруцкий

6:4 - 35:48 - Малхасян (Абдуллаев, Семенов)

7:4 - 49:24 - Комиссаров (Юдин)

8:4 - 52:10 - Калиниченко (Абрамов)

Қақпашылар: Байдек - Шапошник (Кушкенов, 53:04-60:00)

«Теміртау» мен «Ястребы» командаларының металлургтер қаласындағы алғашқы кездесуі тартысты өтті. Оралдықтар кездесудің басын екіпіндетіп өткізіп, қарсыластарын екі рет састырды. Әрі қарай алаң иелері қатарынан төрт тиімді шабуыл ұйымдастырып, «Ястребы» командасына есее қайтару үшін барын салуға тура келді. Нәтижесінде жеңіс бәрібір алң иелеріне бұйырды. Финалдық ысқырық сары-қаралардың пайдасына 5:4 есебін тіркеді. «Теміртау» құрамынан Никита Коротких дубльмен ерекшеленді, қонақтардан Сұлтанбек Рахимов екі рет ерекшеленді.

«Теміртау» - «Ястребы» 5:4 (2:2, 2:0, 1:2)

0:1 - 04:06 - Иконников (Тяжелов)

0:2 - 05:40 - Крицин (Стальмаков, Выборный)

1:2 - 07:12 - Коротких (Соколов, Забурдяев)

2:2 - 10:20 - Телегин (Лигай, Степанов)

3:2 - 29:11 - Мирошниченко (Забурдяев)

4:2 - 30:11 - Денисов (Кайбелев)

4:3 - 46:41 - Рахимов (Стальмаков, Крицин) ГБ

5:3 - 51:21 - Коротких (Лигай)

5:4 - 58:49 - Рахимов (Стальмаков, Крицин) ГБ

Қақпашылар: Пахоленко - Какенов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.