Шефердің 63 сейві Арланға чемпионаттағы алғашқы жеңісіне жетуге көмектесті, Барыс пен Жас Батырдың жеңісі

11 qazan
678

Қазақстан жастар чемпионатында сәрсенбіге бес матч жоспарланды.

«Мұнайшы» қазіргі ел чемпионының тегеурініне төтеп бере алмады. «Барыс» бірінші кезеңде-ақ қарсыласты төрт рет састырып, жеңістен үмітті екенін байқатты. Финалдық ысқырық елордалық ұжымның құрғақ жеңісін тіркеді. Артур Гросс дубль жасады, Егор Левковец командаластарына төрт рет састырды. Абылайхан Төлеубай қақпаға бағытталған 17 соққының барлығына тойтарыс берді.

«Мұнайшы» - «Барыс» 0:9 (0:4, 0:2, 0:3)

0:1 - 04:37 - Кажибеков (Трегубов)

0:2 - 09:01 - Шакшакбаев (Надейкин, Левковец) ГБ

0:3 - 11:38 - Трегубов (Дурглишвили, Перкин)

0:4 - 18:16 - Болгов (Гафуров, Кошевник)

0:5 - 33:39 - Гросс (Дурглишвили, Левковец)

0:6 - 38:36 - Гросс (Левковец, Надейкин) ГБ

0:8 - 45:52 - Надейкин (Трифонов, Гросс)

0:7 - 52:12 - Гафуров (Левковец, Трифонов)

0:9 - 57:14 - Кайсар

Қақпашылар: Гиганов (Плотников, 57:14-60:00) - Толеубай

«Арлан» өз алаңында «Ақтөбені» күтпеген жерден жеңіп, биылғы чемпионаттағы алғашқы жеңісіне жетті. «Көкшеліктерге» екі балды Леонид Ждановскийдің финалдық ысқырыққа 29 секунд қалғандағы дөп соққысы мен қақпаға бағытталған 63 соққыға тойтарыс берген қақпашы Роман Шефердің теңдессіз ойыны сыйлады.

«Арлан» - «Ақтөбе» 2:1 (0:0, 1:0, 1:1)

1:0 - 32:34 - Толуспаев (Краснолуцкий, Козынец)

1:1 - 51:56 - Бурамбаев (Эрфурт, Морозов) ГБ

2:1 - 59:31 - Ждановский (Каиргелди)

Қақпашылар: Шефер - Дубович

«Жас Батыр» «Алматымен» матчта үшінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, өзінің жеңіс сериясын он матчқа дейін ұзарты. Бұл ретте 79 гол салған атыраулықтар чемпионаттың ең нәтижелі ұжымы саналады. Филипп Папшевтің үш матчқа созылған мергендік сериясы бар. Қонақтардың қақпашысы Джохар Дударкиев өз есебіне 20 сейв жазды.

«Алматы» - «Жас Батыр» 1:4 (1:1, 0:0, 0:3)

0:1 - 15:57 - Садыков (Телгожаев)

1:1 - 19:08 - Филоненко

1:2 - 44:07 - Строчкин (Хальзев, Папшев) ГБ

1:3 - 50:57 - Максимов (Мухамедияров, Телгожаев)

1:4 - 59:07 - Папшев (Строчкин)

Қақпашылар: Павлов - Дударкиев


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.