Арлан Горняктан жеңісті жұлып әкетті, Алматы қатарынан сегізінші рет жеңіліске ұшырады

14 qazan
575

Сенбіге Қазақстан жастар чемпионатында төрт кездесу жоспарланды.

«Арлан» чемпионатта екінші рет жеңіліске ұшырады. Бүгін көкшетаулықтар «Горняктан» басым түсті, бір қызығы, шешуші шайба соңғы кезеңнің аяқталуына екі минут қалғанда салынды. Оның авторы – Леонид Ждановский.

«Арлан» - «Горняк» 3:2 (0:1, 0:0, 3:1)

0:1 - 13:14 - Крицин (Сертаев)

1:1 - 47:38 - Селезнев (Ждановский, Кабдуали) ГБ

1:2 - 51:13 - Малхасян (Шапошник, Абдуллаев)

2:2 - 55:03 - Каиргелди (Кабдуали)

3:2 - 58:00 - Ждановский (Сауриков, Монахов)

Қақпашылар: Шефер - Шапошник

«Ястребы» «Алматыдан» басым түсті. Кездесудің негізгі жайттары үшінші кезеңде орын алды. Жеңіс шайбасының авторы – дубль жасаған Тимофей Севастьянов. Оралдықтардың форварды артық құраммен екі рет ерекшеленді. Оңтүстік астаналық ұжымның жеңіліс сериясы сегіз матчқа дейін созылды.

«Алматы» - «Ястребы» 2:4 (1:1, 0:1, 1:2)

0:1 - 05:25 - Севастьянов (Клочков, Алламов) ГБ

1:1 - 13:15 - Филоненко (Фетисов)

1:2 - 23:01 - Хусаинов (Рахимов, Куминов)

1:3 - 46:19 - Севастьянов (Выборный, Стальмаков) ГБ

1:4 - 53:14 - Выборный (Стальмаков, Клочков)

2:4 - 55:30 - Филоненко (Шулепов, Фетисов)

Қақпашылар: Яковенко (Павлов, 46:19-47:25) - Какенов

«Ақтөбе» түзде «Құлагерді» минималды есеппен жеңді. Жалғыз шайбаның авторы – бастапқы кезеңнің ортасына қарай кем құраммен көзге түскен Марк Поленов. Қонақтардың қақпашысы Максим Дубович қақпаға бағытталған 21 соққыға тойтарыс берді. Оның қарсыласы Никита Осипов өз есебіне 34 сейв жазды. Алайда бұл нәтиже оның командасына ұпай жинауға көмектеспеді.

«Құлагер» - «Ақтөбе» 0:1 (0:1, 0:0, 0:0)

0:1 - 11:49 - Поленов (Шайкенов) ГМ

Қақпашылар: Осипов - Дубович

«Жас Батыр» өз қарсыластарын ойсырата жеңуді тоқтатпай келеді. Бүгін «Теміртаудың» жолы болмады, өз қақпасына он гол өткізіп алған команда абырой шайбасын салды. Қаарағандылықтарды екі реттен Мәдихан Күнтуғанов, Филипп Папшев пен Роман Строчкин састырды.

«Теміртау» - «Жас Батыр» 1:10 (0:3, 0:2, 1:5)

0:1 - 08:09 - Контуганов (Пиниди)

0:2 - 16:30 - Строчкин (Папшев) ГМ

0:3 - 18:57 - Максимов (Шакубаев)

0:4 - 27:01 - Папшев (Хальзев, Строчкин)

0:5 - 28:57 - Щепеицких (Контуганов, Трибунский)

0:6 - 39:54 - Пиниди (Контуганов) ГБ

0:7 - 44:52 - Контуганов (Пиниди)

1:7 - 47:06 - Коротких (Степанов, Забурдяев)

1:8 - 48:08 - Строчкин (Бойцов, Хальзев) ГМ

1:9 - 55:51 - Папшев (Телгожаев, Садыков) ГБ

1:10 - 59:03 - Садыков (Папшев) ГБ

1:10 - 59:59 – Рублёв ШБ

Қақпашылар: Зюзин (Селивёрстов, 40:00-60:00) - Дударкиев


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.