Астана Өскеменде қарымта қайтарды

16 qazan
784

Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің жалғыз матчында елордалық ұжым басым түсті.

Бірінші кезеңде қарсыластар нәтижелі шабуыл алмасып, Игорь Кисель мен Эдуард Ефремов көзге түсті. Шешуші сәттер екінші үзіліске сәл қалғанда орын алды. Никита Бондарев артық құрам ұйымдастырып, кейін белгілі болғандай «Астана» үшін жеңіс голының авторы атанды. «Елордалықтардың» қақпашысы Дармен Габдуллин қақпаға бағытталған 37 соққыға тойтарыс берді.

«Торпедо» - «Астана» 1:2 (1:1, 0:1, 0:0)

0:1 - 08:40 - Кисель (Бондарев, Сторожилов) ГБ

1:1 - 14:46 - Ефремов (Фокин, Борзенко)

1:2 - 35:22 - Бондарев (Бекеев, Кисель) ГБ

Қақпашылар: Эрштейн - Габдуллин


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.