Мұнайшы чемпионаттағы екінші жеңісіне қол жеткізді, Торпедо Барысты тоқтата алмады

19 qazan
416

Қазақстанның жастар чемпионатында үш матч өтті.

«Мұнайшы» «Астананы» күтпеген жерден жеңіп, чемпионаттағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Павлодарлықтардың құрамынан өз есебіне екі голдан Александр Лариков пен Максим Рихард жазды. Алаң иелерінің қақпашысы Богдан Гиганов қақпаға бағытталған 23 соққыға тойтарыс берді. Айтып өтетін жайт, «елордалықтар» үш матчтың соңғы екеуінде жеңіліске ұшырады.

«Мұнайшы» - «Астана» 6:5 (3:3, 1:0, 2:2)

0:1 - 00:28 - Черкасов (Шегебаев, Церульников)

1:1 - 01:28 - Плечев (Ломакин)

2:1 - 11:20 - Лариков (Анцельм, Плечев) ГБ

2:2 - 16:33 - Шаяхметов (Шукелов, Куценко)

3:2 - 17:54 - Рихард (Анцельм, Тагамбаев)

3:3 - 19:38 - Сторожилов (Гатауллин) ГБ

4:3 - 37:51 - Рихард (Лариков) ГБ

5:3 - 46:37 - Лариков (Ломакин, Плечев)

5:4 - 50:22 - Сулейменов (Черкасов)

5:5 - 51:23 - Еркинов (Пашковский)

6:5 - 57:37 - Анцельм (Рихард, Тагамбаев)

Қақпашылар: Гиганов - Еркинов (Габдуллин, 17:54-59:10)

«Ақтөбе» «Горнякты» тағы да ойсырата жеңді, кездесу дәл кешегідей есеппен аяқталды. Даниил Цихоцкий дубль жасады, өз командасының төрт нәтижелі шабуылына Иван Тимофеев пен Александр Бурамбаев қатысты. «Ақтөбе» Рудныйдағы екі ірі жеңістен кейін чемпионат көшбасшыларының үштігінде бекіді.

«Горняк» - «Ақтөбе» 0:8 (0:3, 0:2, 0:3)

0:1 - 05:43 - Герасимов (Эрфурт, Шпак)

0:2 - 15:22 - Шпак (Поленов, Тимофеев) ГБ

0:3 - 18:21 - Бурамбаев (Окунский, Тимофеев)

0:4 - 36:08 - Поленов (Тимофеев)

0:5 - 39:48 - Цихоцкий (Зубарев, Бурамбаев)

0:6 - 53:20 - Морозов (Бурамбаев, Зубарев)

0:7 - 55:27 - Цихоцкий (Морозов, Бурамбаев)

0:8 - 57:22 - Тимофеев (Поленов, Окунский) ГБ

Қақпашылар: Шапошник (Кушкенов, 53:20-60:00) – Дубович

«Торпедо» «Барыстың» жеңіс шеруін тоқтата алмады. Елордалық ұжым бірінші кезеңде қарсыласты Артур Гросс пен Кәрім Қажыбековтің арқасында екі рет түйреп алды да, әрі қарай қорғанысын нығайтты. Қонақтардың қақпашысы Абылайхан Төлеубай 22 сейв жасады. Қазіргі ел чемпионы маусым басталғалы бері қатарынан 11-ші матчын жеңіп келеді.

«Торпедо» - «Барыс» 1:2 (0:2, 1:0, 0:0)

0:1 - 09:42 - Гросс (Китаров)

0:2 - 12:24 - Кажибеков (Мейрман)

0:2 - 17:29 – Кисель ШБ

1:2 - 38:37 - Мерзликин (Кисель)

Қақпашылар: Эрштейн - Толеубай


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.