Астананың Павлодардағы қарымтасы, Тютюньковтың хет-тригі Торпедоға Барысты чемпионаттағы алғашқы жеңілісіне ұшыратуға көмектесті

20 qazan
565

Қазақстан жастар чемпионаты екі кездесумен жалғасуда.

«Астана» Павлодарда сенімді түрде қарымта қайтарды. «Мұнайшы» енжарлық танытып, бірінші кезеңде-ақ өз қақпасына алты шайба өткізіп алды. Әрі қарай алаң иелері сәл-пәл бойды тіктеді, алайда мұнысы түбегейлі нәтижені өзгерте алмады. «Елордалықтар» құрамынан Никита Бондарев дубль жасады.

«Мұнайшы» - «Астана» 1:8 (0:6, 1:1, 0:1)

0:1 - 00:16 - Бондарев (Бекеев, Шаяхметов)

0:2 - 02:34 - Сулейменов

0:3 - 06:58 - Бондарев (Бекеев, Шаяхметов) ГБ

0:4 - 12:31 - Черкасов (Церульников, Еркинов)

0:5 - 13:45 - Гатауллин (Амангалиев, Церульников)

0:6 - 17:49 - Еркинов (Черкасов) ГБ

0:7 - 25:06 - Бекеев (Бондарев) ГБ

1:7 - 26:13 - Гостюшев (Тагамбаев)

1:8 - 42:36 - Шевченко (Гатауллин, Сулейменов)

1:8 - 48:15 – Бондарев ШБ

Қақпашылар: Гиганов (Плотников, 13:45-60:00) – Еркинов

«Торпедо» мен «Барыс» өскемендік жанкүйерді голға қарық қылып, қос команда біріккенде 13 шайба дарытты. Нәтижелі матчта қазіргі чемпион маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Алаң иелеріне хет-трик жасап, екі рет пас берген Ян Тютюньковтың тамаша ойыны жеңіс әкелді. Максим Базанов төрт (1+3) балл жинады. «Торпедо» қақпашысы Никита Эрштейннің есебінде 34 сейв бар.

«Торпедо» - «Барыс» 8:5 (2:2, 3:1, 3:2)

1:0 - 02:00 - Хан ГБ

1:1 - 03:28 - Потапов (Трегубов)

1:2 - 07:14 - Китаров (Гросс, Надейкин)

2:2 - 14:50 – Тютюньков Я. (Базанов)

3:2 - 23:05 - Беляков (Глухих) ГБ

3:3 - 25:36 - Гросс (Надейкин)

4:3 - 26:40 - Астраханцев (Тютюньков Я., Базанов) ГБ

5:3 - 35:45 – Тютюньков Я. ГМ

5:4 - 40:41 - Трегубов (Дурглишвили, Манажанов)

6:4 - 46:43 - Базанов (Тютюньков Я.)

7:4 - 48:27 – Тютюньков Я. (Базанов)

8:4 - 52:55 - Кисель (Рысбеков, Беляков)

8:5 - 54:00 - Гросс (Надейкин) ГБ

Қақпашылар: Эрштейн - Лыткин (Шестаков, 20:00-48:27)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.