Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің жалғыз жекпе-жегі оңтүстік астанада өтті.
Кездесу қарағандылық ұжымның бақылауында болды: команда өзінің гол салатын сәттерін уыстан шығармады. Никита Рублёв дубль жасады, қонақтардың қақпашысы Дмитрий Пахоленко қақпаға бағытталған 30 соққыға тойтарыс берді. Алаң иелері құрамынан абырой шайбасын Никита Фетисов салды. Бұл «Алматының» қатарынан оныншы рет жеңілуі, ал «Теміртау» өзін плей-оффта сенімді сезінуде.
«Алматы» - «Теміртау» 1:4 (0:1, 0:1, 1:2)
0:1 - 03:43 - Денисов
0:2 - 27:11 - Уатов (Божко, Степанов)
0:3 - 54:37 - Рублёв ШБ
0:4 - 58:29 - Рублёв (Калкабек)
1:4 - 59:27 - Фетисов
Қақпашылар: Рудковский - Пахоленко
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.