Алматы Теміртауды ойсырата жеңді, Арлан маусымдағы үшінші матчын жеңді

22 qazan
772

Қазақстан жастар чемпионатында екі матч өтті.

«Алматы» бірінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, «Теміртаудан» сенімді түрде қарымта қайтарды. Қарсыласты екі реттен Юрий Андрусенко мен Арсений Филоненко састырды, командаластарына Данил Шулепов үш рет пас берді. Алаң иелерінің қақпашысы Иван Рудковский қақпаға бағытталған 30 соққыға тойтарыс берді.

«Алматы» - «Теміртау» 7:1 (3:0, 1:1, 3:0)

1:0 - 01:29 - Андрусенко (Выговский)

2:0 - 11:42 - Неумывакин (Мажикенов)

3:0 - 19:46 - Филоненко (Шулепов)

4:0 - 30:53 - Андрусенко (Выговский, Айдуков)

4:1 - 37:45 - Забурдяев (Степанов, Коротких) ГБ

5:1 - 41:15 - Айдуков (Андрусенко)

6:1 - 41:45 - Филоненко (Черныш, Шулепов) ГБ

7:1 - 49:23 - Шипулин (Фетисов, Шулепов) ГБ

Қақпашылар: Рудковский - Селивёрстов (Зюзин, 41:45-60:00)

Петропавлда «Арлан» «Құлагерден» жеңісті жұлып әкетті. Шешуші сәт үшінші кезеңнің ортасына қарай болып, қонақтар нәтижелі шабуыл ұйымдастырды, ал Ерасыл Кентаев шешуші голдың авторы атанды. Көкшетаулықтар құрамынан Тамерлан Толуспаев дубль жасады. Петропавлдықтар қатарынан үшінші рет жеңіліске ұшырады.

«Құлагер» - «Арлан» 3:4 (2:2, 1:0, 0:2)

0:1 - 03:47 - Толуспаев (Монахов)

1:1 - 05:48 - Кузьмин (Серикбулатов) ГБ

2:1 - 17:15 - Абрамов

2:2 - 17:56 - Ждановский

3:2 - 38:27 - Серикбулатов (Анисимов, Серикбулатов)

3:3 - 48:27 - Толуспаев (Фетисов) ГБ

3:4 - 51:20 - Кентаев (Чепышкин, Сауриков)

3:4 - 56:17 - Кабдуали ШБ

Қақпашылар: Байдек - Чепец


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.