Құлагер Арланнан қарымта қайтарды

23 qazan
776

Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің жалғыз жекпе-жегі Петропавлда өтті.

«Құлагер» «Арланнан» қарымта қайтарды. Алаң иелері үшінші кезеңнің аяқталуына үш минуттан астам уақыт қалғанда шешуші шайбаны салды – Алексей Фрукалов артық құраммен көзге түсті. «Құлагердің» қақпашысы Максим Елхимов қақпаға бағытталған 18 соққыға тойтарыс берді. Оның қарсыласы Даниил Чепец өз есебіне екі есе сейв жазды, алайда бұл командаға ұпай жинауға көмектеспеді.

«Құлагер» - «Арлан» 3:2 (1:1, 1:1, 1:0)

1:0 - 07:08 - Абрамов (Мейрам)

1:1 - 17:25 - Кузьмин (Коренник, Гизатулин)

1:2 - 23:29 - Монахов (Кабдуали)

2:2 - 30:11 - Кузьмин (Анисимов, Литвинцов) ГБ

3:2 - 56:41 - Фрукалов (Ильясов) ГБ

Қақпашылар: Елхимов - Чепец


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.